Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бестікке" әбден лайық: BI Group Қазақстандағы тұрғын үй стандарттарын өзгертуде

Жарияланған күні:

Астанада бизнес класты Avenue 5 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. Бұл еліміздің жылжымайтын мүлік нарығында тұрғын үйдің мүлдем жаңа стандарты, BI Group холдингінің портфеліндегі негізгі жобалардың бірі.

«Бестікке» әбден лайық үй: BI Group Қазақстандағы тұрғын үй стандарттарын өзгертуде

Құрылыс - Қазақстанда жаңа технологиялар үнемі енгізіліп отыратын неғұрлым дамыған сала. Осы ретте нарық көшбасшыларының бірі, BI Group, қазақстандықтардың құрылыс сапасы мен тұрғын үй стандарттары туралы түсініктерін өзгертуге бастамашылық етіп келеді. Оған дәлел, холдингтің тағы бір заманауи жобасы – Avenue 5 тұрғын үй кешені.

2, 7 және 16 қабатты бірнеше блоктан тұратын кешен - Астананың оң және сол жағалауының қиылысындағы көрікті орынға айналып үлгерді.

«Бестікке» әбден лайық үй: BI Group Қазақстандағы тұрғын үй стандарттарын өзгертуде

Үйдің аты - Нью-Йорктің атақты көшесінің құрметіне қойылса керек, сәулеті мен сымбаты астасқан алып шаһардың ғимараттарына ұқсас. Үй ауласы қоршалған, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін пәтерлерге IP-домофония орнатылған, ол арқылы сыртқы бейне бақылау камераларымен қарауға болады.

«Бестікке» әбден лайық үй: BI Group Қазақстандағы тұрғын үй стандарттарын өзгертуде

"Төрт блокты үй 103 пәтер мен паркингтен тұрады. Монолитті каркасты ғимарат, керамикалық кірпіштен қаланған пәтераралық қабырғалар еш дыбыс өткізбейді, ал үй фасады - Schuco алюминий витраждарынан жасалған. Мұндай үйді Астанадан таба алмассыз! Бар үмітімізді ақтап, бұл үй Астананың тағы бір көрікті жеріне айналды! Жобадан жобаға команда күрделі архитектуралық шешімдерді жүзеге асырудың баға жетпес тәжірибесін жинақтап келеді және жұмыстардың, материалдардың сапасын жақсартуда. Тұрғындар мұны да көріп, бағалайды деп үміттенеміз", - дейді жоба жетекшісі Қайыргелді Садықов.

Пәтерлердің төбесі биік, тиісінше терезелері де кең көлемді, есесіне қаланың керемет көрінісі ашылады әрі күндіз бөлмелелерге жарық мол түседі. Үйдің өз паркингі бар, енді көлік қоятын орын іздеп уақыт жоғалтпайсыз, мұндағы паркингтің ерекшелігі – бағандар санының аздығында. Егер тік конструкциялардың арасындағы қашықтық әдетте 7 метрге дейін болса, бұл жерде – 18 метрге дейін, демек өте кең!

«Бестікке» әбден лайық үй: BI Group Қазақстандағы тұрғын үй стандарттарын өзгертуде

Көргендерінен риза болған жаңа пәтер иелері де пікірлерімен қуана-қуана бөлісті:

"BI Group-тан бірінші пәтерімді 2004 жылы сатып алдым, содан бері мен компанияның тұрақты клиентімін. Avenue 5 менің үміттерімнен асып түсті, мен оны басқаша елестеткен едім", - деді Ботагөз Темірбекова.

"Бестікке" әбден лайық: BI Group Қазақстандағы тұрғын үй стандарттарын өзгертуде

"Балаларым осы ауданда өсті, сондықтан жаңа үйімізге риза болды. Компания туралы бұрыннан білеміз, біздің көптеген достарымыз BI Group-тың үйлерінде тұрады. Бұл үйді, орналасқан жері мен жобасына қарап таңдадық",- дейді Бақыт Мәмбеталиев.

Қонақжайлылық – нағыз осы үйге тән қасиет. Неге десеңіз, үйдің өз 24 орынды қонақ бөлмесі бар, әрине бұл үй тұрғындары үшін. Жиһаздалған залы, санитарлық торабы және ас үйі, сондай-ақ караоке мультифункционалды акустикалық жүйесі бар қонақ бөлмесі – кәдімгі мейрамханалардан артық болмаса, еш кем түспейді!

Қазір клиенттер үйлерінің барынша жайлы болғанын қалайды, қоятын талаптары да жоғары, ал холдинг бір орында тұрмайды, даму үстінде, тұрғындарын заманауи жобаларымен таңғалдыруын еш тоқтатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775582-bestikke-bden-lajyk-bi-group-kazakstandagy-trgyn-j-standarttaryn-zgertude/