Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғалған ақшаны иесіне тауып берген қазақ жігіттің әрекетіне ел сүйсінді

Жарияланған күні:

Астанада 27 желтоқсан күні ішінде 476 мың теңге бар әмиян тауып алған азамат оны иесіне қайтарып берген. Нұрболат Садыққа қомақты қаржының иесі бұл жақсылығы үшін 50 мың теңге ұсыныпты деп хабарлайды "Өз ойым" бағдарлмасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ "Өз ойым" бағдарламасы
Фото: Видеодан кадр/ "Өз ойым" бағдарламасы: Twitter

Нұрболат құнды әмиянды Ұлы дала көшесінің бойынан тапқан. Ол алғашында үш рет кімдікі екенін сұрап, артынан иесін іздестіруге көшіпті.

"Тапқандағы алғашқы ойым оны қайтару болды. Оны қайтармасам, бізге күнә болады. Өзім намаз оқимын. Ол ақшаның да неге керек болғанын білмеймін. Мүмкін, ауруханаға шығар", - деді азамат.

Ал әмиянның ішіндегі медициналық картасы арқылы ақшаның иесін тапқан жігіт түсірген видеосы әлеуметтік желіге шығып кетеді деп ойламаған екен.

"Ағам "Мұндай ақшаны күнде таба бермейсің" деп айтты. Мұны видеоға түсіріп, достарыңа, туыстарыңа жібересің деді. Біз оны түсіріп, Whatsapp желісінде туыстарға, достарға жібердік. Бірақ, желіге кім салғанын білмейміз. Мен 2-3 күннен соң өзімді Instagram желісінен көрдім", - дейді азамат.

Нұрболаттың сөзінше, оған қомақты қаражаттың егесі 50 мың теңге сүйінші берген. Ал ол қалтасына түскен ақшаға Құран Кәрім кітабын сатып алған екен.

“Өзім туыстарыма Құран сыйлағым келіп жүрген. Бірақ ақшаның реті келмеді. Ал 50 мың теңгені алғанда соның мүмкіндігі шығар деп ойладым. 20 мың теңгені аға-жеңгеме бердім. 30 мың теңгеге алты Құран кітабын сатып алып, туыстарыма тараттым”, – дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775654-zogalgan-aksany-iesine-tauyp-bergen-kazak-zigitti-reketine-el-sjsindi/