Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Архимед Мұхамбетовті қабылдады

Жарияланған күні:

Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады. Кездесу барысында мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, сондай-ақ Жолдауда берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері туралы баяндалды деп хабарлайды Ақорда.

кккка
Фото: Ақорда: UGC

Елбасы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды уақтылы әрі сапалы іске асырудың, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру үшін шаралар қабылдаудың маңызды екенін атап өтті.

"Қостанай облысының макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсу қарқыны сақталып отыр. 2017 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі 8,3 пайызға, құрылыс саласы 22,3 пайызға өсіп, 300 мың шаршы метрге жуық тұрғынүй пайдалануға берілді", – деді Мұхамбетов.

Сонымен қатар, Қостанай облысының әкімі Қазақстан президентіне автомобиль өндірісін дамыту, инвестиция тарту және индустриялық жобаларды іске асыру жұмыстарының нәтижелері туралы мәлімдеді.

"Облыста индустриялық аймақ құрылуда. Соның аясында 11 жоба әзірленіп жатыр. Соның ішіндегі ең ірісі – ауыл шаруашылығы хабын құру. Оның құрамына 600 мың тонналық қуаты бар арнайы мақсаттағы ұн өндіретін, жылына 1 миллион тонна жем дайындайтын, глютен өндіретін және майлы дақылдарды қайта өңдейтін цехтар кіреді. Бұл жоба ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға бағытталған", – деді Архимед Мұхамбетов.

Қостанай облысының әкімі ауыл шаруашылығы техникасын өндіру, құрылыс материалдарын шығару, Арқалық қаласындағы ет өңдеу кешенін дамыту салаларына қатысты жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары жөнінде айтты.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775730-memleket-bassysy-arhimed-mhambetovti-kabyldady/