Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік жомарт кәсіпкер 8 баласы бар жанұяға пәтер сыйлады (фото)

Жарияланған күні:

Ақтөбелік кәсіпкер сегіз бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасына тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбелік кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады
Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: Facebook

Кәсіпкер Жасталап Жанбауов 47 жастағы көпбалалы ана, "Алтын алқа" иегері Салтанат Садуоваға пәтер кілтін табыстады.

Ақтөбелік кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады
Фото:zhetysu.gov.kz: UGC

Отбасында тәрбиеленіп жатқан сегі баланың екеуі мүгедек екен. Сондай-ақ, отағасы да екінші топ мүгедегі.

Ақтөбелік кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады
Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: UGC
Балалар аурушаң болғандықтан отбасы Әйтеке би ауданынан қалаға көшуге мәжбүр болған.

Төрт жыл бойы Садуовтар отбасы жалдамалы пәтерлерде тұрып келген. Отбасының қиын тағдыры жайлы естіген ақтөбелік меценат оларға қол ұшын созды.

Ақтөбелік кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады
Фото:zhetysu.gov.kz: UGC
"Мұндай қайырымдылық ісіне келгенде ешкім шетте қалмауы тиіс. Кәсіпкерлер мұқтаждарға қолынан келген көмегін аямауы керек.

Бизнес өкілдері осы бастаманы ары қарай жалғастырып, тұрмысы нашар отбасыларға көмектеседі деп үміттенемін.

Менің әріптестерім, бірнеше құрылыс компаниялардың басшылары да мұқтаж жандарға көмектесуге әзір. Кәсіпкерлерді игі бастаманы қолдауға шақырамыз", - деді кәсіпкер Жасталап Жанбауов.
Ақтөбелік кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады
Фото:zhetysu.gov.kz: UGC

Қуаныштан көз жасына ерік берген көпбалалы ана Салтанат Садуова демеушіге алғысын білдірді.

"Осы қуанышты сәтті төрт жыл бойы күттік! Міне, енді мейірімді адамдардың және облыс басшыларының арқасында пәтеріміз бар. Жасталап Жанбауов менің жерлесім. Өзі де көпбалалы отбасынан шыққан. Қамқорлығы мен көмегі үшін мың да бір рақмет", - деді Салтанат Садуова.
Ақтөбелік кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады
Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: UGC

Айта кететін жайт, Ақтөбе облысында мобильді топтар жұмыстарын жалғастыруда. Олар күнделікті тұрмысы нашар жанұяларды аралап, әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесіп жатыр.

Науқанға кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, мемлекеттік орган басшылары, еріктілер мен жастар атсалысып жүр. Отбасыларға азық-түлік жеткізіліп, коммуналды қызмет қарыздарын төлеуге көмектесіп, көмірмен және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етілуде.

Еске сала кетейік, Алматы облысында моншада тұратын талғарлық көпбалалы отбасыға жергілікті меценат пәтер кілтін табыстаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778762-aktbelik-zomart-ksipker-8-balasy-bar-zanaga-pter-syjlady-foto/