Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шашы тобығына түсетін 78 жастағы қазақ әжей жайлы не білеміз? (фото, видео)

Жарияланған күні:

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында тұратын Ырымкүл Бекенқызы көпшілік арасында "шашы ұзын әжей" деген атқа ие. Зейнет жасынан асқан тұрғынның бүгінде шашының ұзындығы бойымен бірдей, 160 см. Ал студент кезінде шашының ұзындығы 200 см-дің үстінде болыпты деп жазады elitar.kz.

Фото: elitar.kz
Фото: elitar.kz: Depositphotos

16 жасында тұрмысқа шыққан Ырымкүл Бекенқызы өмірінде үш-ақ рет шашын қидырғанын айтады. Оның өзін үлкен өкінішпен еске алды.

Айтуынша, алғаш рет шашын қидыртқанда баласы шетінеген. Екіншісінде жолдасы, ал үшіншісінде енесі қайтыс болыпты.

Сондай-ақ, қолаң шашты әжей түскен шаштарын аяқ асты етпей, қап-қап етіп жинап қойыпты. Жиналған шаштың салмағы бүгінде 14 келіні құрайды.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: Depositphotos

Бір қызығы Ырымкүл әжей шашын жуатын болса, кемінде 40 литр су қажет екен.

Ырымкүл Бекенқызы ғұмырының 46 жылын ұстаздық салаға арнаған. Қазір зейнеткерлікке шықтым деп үйде қол қусырып отырған жоқ. Спортпен айналысады. Қолы қалт етсе, құрақ тігіп, тоқыма тоқиды. Одан өзге аудандық әжелер ансамблінде өнер көрсетеді. Ән салып, тіпті мың бұрала би де билейді екен.

Жасы сексенге таяп қалған тұрғын соңғы кездері жастардың шаштарын жайып жүруіне қынжыламын деп отыр. Шаш жайып жүру жақсы ырым емес екенін айтады. Сондықтан Ырымкүл әжей өзінің келіндеріне де, немерелеріне де шашын жайғызбайды екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780287-sasy-tobygyna-tsetin-78-zastagy-kazak-zej-zajly-ne-bilemiz-foto-video/