Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зорлап, бопсалады": Жігітінен қорлық көрген астаналық қыз жанайқайын жеткізді

Жарияланған күні:

Көшеде танысқан жігітке ғашық болып қалған қазақ қызы басынан өткен сұмдық жағдайды айтып берді. Өзіне үйленуге ниетті екенін айтып, қыздың сеніміне кіріп алған азамат оны зорлап тастапты. Онысымен қоймай, жыныстық қатынас сәтін видеоға түсірген ер адам шарасыз болған бойжеткенге өз білгенін жасатқан деп жазады "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Скриншот, Коллаж: NUR.KZ
Фото: Скриншот, Коллаж: NUR.KZ: Twitter

Бұл адам сенгісіз оқиғаны Әзиза Жалелова отандық бағдарлама кезінде айтып беріп, бар мұңын шақты. Астанада анасы және әпкесімен тұратын бойжеткен өмірін тас-талқан еткен жігітпен көшеде танысқан.

Азамат келбетті қызды көре салысымен онымен танысып, нөмірін алып қалады.

Мүмкіндігін қалт жібермеген жігіт бойжеткенді бірнеше мәрте кездесуге шақырып, арудың көңілін табуға тырысқан.

Алайда "өмірлік серігімді кездестірдім" деп ойлаған Әзиза оның шын мәнінде жаман пиғылмен жүргенін еш сезбепті. Себебі, ғашық болып қалған.

Араға екі апта салып, азамат шынайы бет-пердесін ашып, басында-ақ мақсат еткен ісіне кіріседі. Өзбек жігіті сүйіктісін тағы бір мәрте кездесуге шақырып, оны көлікте зорлаған.

Оған қоса, жыныстық қатынас сәтін бейнекамераға түсіріп алған ол Әзизаны бопсалай бастайды. Нәтижесінде, ер адам оған күштеп бес несие алдыртқан.

"Кредит аласың, сол кезде ол видеоны өшірем деді. Әйтпесе бар туыстарыма жайып, мені жаман атты қылуға бекінді. Бірақ видеоны өз көзіммен көрмедім, айтқанына сендім, қорықтым. Бар айтқанын жасадым, бес несие алдым" , - деп бастады ару.

Әзизаның басынан өткен ауыр жағдайға қатысты анасы да пікір білдірді.

Фото: Скриншот, Коллаж: NUR.KZ
Фото: Скриншот, Коллаж: NUR.KZ: Facebook
"Ол жігіт басынан-ақ маған ұнамады. Мен барынша қарсылық білдіргеніммен, қызымның бақыты үшін көндім. Сонымен кездесе бастаған соң, қызым мүлде өзгеріп кетті.

Тамақ ішпейтін жағдайға жетті. Үнемі ой үстінде. Бәрін ішінде сақтап жүрді. Әлгі жігіт тіпті, бізді анасымен таныстырамын деді, Алайда, бірнеше мәрте түрлі сылтау айтып, кездесу ақыры болмады.

Мұндай жағдайды айта алмай келген қызым қатты қиналғаннан болар, ақыры бәрін бізге айтып берді. Зорланғанын айтты.

Біз оны дереу травмотология бөліміне апарып, сол жерге полицейлерді шақыттық. Ол орыс азаматы екен, оған барынша қазақша түсіндіріп арыз жаздық.

Ана жігіт қызымды жыныстық қатынас видеосын елге жаямын деп қорқытқан. Құдай жазасын берсін.

Балам үшін бәрін істедім, қолымнан келмеді. Не үшін баламды осыншама таптады" , - деді Әзизаның анасы.

Бойжеткеннің айтуынша, Шахрух есімді азамат оны қинап, жыныстық қатынасқа өз еркімен түскені жайлы қолхат жаздырып алған.

"Жақсы сөйлеп бастады. Мен оған әкемнің ішкенін, анам мен әпкем ғана бар екенін айтып, бар сырымды ақтардым.

Ол маған қолдау көрсеткендей болып, сеніміме кірді. Несиелерді өзі жабатынын айтқан соң, барып арызымды да алып кеткенмін.

Не болса да, осы адаммен қаламын деп тіпті онымен бірге тұруға кетіп қалдым.

Сол кезде оның жеңгем деп таныстарған әйелдің шын мәнінде оның жары екенін білдім. Оған қоса, баласы да бар екен. Маған көрсетпегені жоқ. Он күннен кейін қайтадан өз үйіме оралдым" , - деп мұңын шақты бойжеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780703-zorlap-bopsalady-zigitinen-korlyk-krgen-astanalyk-kyz-zanajkajyn-zetkizdi/