Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал адамның тоқалы атанған келіншек бәйбішемен қалай табысқанын айтты

Опубликовано:

19 жасында алып қашудың құрбаны болған келіншек өмір тарихымен бөлісті. Шаңырақ көтерген сәттен бастап таяқтан көз ашпаған әйел бір жылға жетпей үш айлық ұлымен далада қалған. Қиындыққа мойымаған ол 13 жылдан кейін отбасылы еркекке көзі түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: zimmmes.com
Көрнекі фото: zimmmes.com: Facebook

Келіншектің айтуынша, Астанада жүргенде алматылық танымал адамды ұнатып қалған.

"Бір күні тәуекел етіп Астанадан арнайы ұшып келдім де, жақсы көретінімді айтып, кері қайттым. Арада біраз уақыт өткен соң қазіргі күйеуім өзі іздеп келді", - дейді ол.

Әйел адам қоғамдағы кәрі қыздар мен жалғызбасты келіншектердің көп болуы өздерінің эгоист болуынан және еркектің қалтасын ойлауынан деп түсіндірді.

"Жігітім ақша берсе алмаймын, кездескен сайын бизнес ашып беретінін айтады. Мен қажет емес, алдымен балаларың мен бәйбішеңе көп көңіл бөл деймін. Осындай сөздер жігіттің суынбай, одан әрі ықыласының артуына себепкер болуда", - деп ойымен бөлісті келіншек.

Оның айтуынша, күйеуінінің бәйбішесі өзін тауып алып, әрекетіне риза екенін, жолдасы қазіргі уақытта отбасына бұрынғымен салыстырғанда көп көңіл бөліп жүргенін жеткізіпті.

Келіншек бәйбішесімен құрбы болғанын алға тартты. Оның сөзінше, бәйбішесі өзін көп іздеп тұрады екен.

Тіптен кейбір мәселелерді бәйбіше отағасына келіншек арқылы айтқызатын көрінеді.

"Екеміздің де мақсатымыз отағасының ұрпағын өрбіту, бірақ менің оған денсаулығым дайын болмай жүр", - деп сөзін аяқтады екінші рет отау құрған келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782805-tanymal-adamny-tokaly-atangan-kelinsek-bjbisemen-kalaj-tabyskanyn-ajtty/

pixel