Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрмыс құру үшін тәуіптің көмегіне жүгінген елордалық ару опық жеп қалды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда тұрмыс құруға асыққан 27 жастағы бойжеткен тәуіпке барамын деп, опық жеп қалған. Әр қабылдауына 10 мың теңге берген ару ақыр соңында айтқан болжамдарының ешқайсысы келмеді деп отыр. Жасы отызға тақаған арудың жан сырын KAZ.NUR.KZ тілшісі тыңдап қайтты.

Көрнекі фото: bloknot-voronezh.ru
Көрнекі фото: bloknot-voronezh.ru: Depositphotos

Нұр-Сұлтанға осыдан он жыл бұрын көшіп келген бойжеткен туған жерім Атырау қаласы дейді. Жасы 25-тен асқаннан кейін тұрмыс құруға асыққан бойжеткен, тәуіп-балгерлерді жағалағанын алға тартты.

"Қыздың жасы 25-тен асқаннан кейін, осылай тәуіп-балгерлерді жағалауға мәжбүр болады екенсің. Ол кезде кездесіп жүрген жігітім болған. Бірақ ол үйленуге асықпай, бір жылдан астам уақыт бойы қыз бен жігіт ретінде жүріп жүрдік. Ата-анам Атыраудан болғандықтан, сол жақтың бір көріпкелі Астанаға келіп, қабылдау жүргізіп жатыр дегенді естідік.

Бір қабылдауы – 10 мың теңге болса да, айтқанының бәрі келеді деген соң бардық. Бар ойым сол кездегі жігітімнің маған деген ойын, болашақ жарым сол адам ба екенін білгім келді.

Бірақ тәуіп нақты сұраққа жауап берудің орнына, әр қабылдау сайын жолыңды ашып беремін, бір жолы су әкел, келесі де тұз әкел деп созбақтаумен болды. Сөйтіп жүргенде, сол кісіге барамын деп 100 мың теңгеге жуық ақша жұмсаппын. Ол кісі: "Осы жігітпен қосыласың, болашақтарың жарқын болады" деген. Бірақ айтқандарының ешқайсысы келмеді. Бұрынғы жігітім басқа қызға үйленіп, жолымыз екі айырылды", - дейді кейіпкер.

Бойжеткен сөз соңында бақсы-балгерлерге сенбеу керектігін айтты.

"Бәрінің көздейтіні адамдардан барынша көп ақша алу деп ойлаймын. Әрине барлығы бірдей ондай емес шығар, бірақ араларында тек ақшаны мақсат ететіндері де бар. Қыз-келіншектерге айтарым, көріпкелдердің бәріне бірдей сене беруге болмайды. Алланың дегені болады", - деп сөзін аяқтады келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785780-trmys-kru-sin-tuipti-kmegine-zgingen-elordalyk-aru-opyk-zep-kaldy/

pixel