Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда халықаралық әуежай "миналанды"

Жарияланған күні:

Алматыда полиция қызметкерлері халықаралық әуежай ғимаратының миналанғаны жөнінде хабарлама алған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/airport.almaty
Фото: facebook.com/airport.almaty: Facebook

Жедел тексеріс нәтижесінде тәртіп сақшылары аталмыш хабарламаның оқиға маңыздылығын түсінбейтін балақайдың қалжыңынан тарағанын анықтады.

Кәмелетке толмаған баланың әрекеті үшін оның ата-анасы жауап беретін болады. Олар перзентіне мұндай қоңыраулар үшін жазаға ілініп кетуі мүмкін екенін дер кезінде түсіндірмегені үшін жауапқа тартылмақ.

Алайда, бұл Алматыда тіркелген жалғыз ұялы телефондық "терроризм" оқиғасы емес.

Жыл басынан полицияға жоспарланған терракт туралы төрт жалған хабарлама түскен.

Тағы бір ұқсас жағдай қаладағы көңіл көтеретін жерлердің бірінде орын алған. Мейрамханаға күзетшілер кіргізбей қойған мас азамат олардан есе алмақ болып, құқық қорғау органына жалған ақпарат берген.

Тәртіп сақшылары ренжіп қалған клиенттің полицияға мейрамхана ішінде бомба барын хабарлағанын айтты.

Алайда, тексеріс нәтижесінде, ешқандай жарылғыш заттар анықталмапты. Ал шындыққа жанастпайтын ақпарат берген азамат тұтқындалған.

Алматылық полиция департаментіне қарасты экстремизге қарсы күрес басқармасының басшысы әрі полция полковнигі Еркін Іңкәров жалған лаңкестер туралы айтты. Ол мұндай қадамға баратын адамдардың басты қателігі ретінде өтірік сенім мен жазасыз қалу сезімін келтірді.

Бұзақылар полицейлер өзін тауып ала алмайды деп ойлайды. Алайда, құқық қорғау органдары қоңырау шалған адамды анықтау үшін қажетті құрылғылармен қамтылған.

Полиция өкілдері жалған ақпарат таратқандар заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785964-almatyda-halykaralyk-uezaj-minalandy/