Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пәктігіне кепілдік": Алғашқы неке түннен кейін жеңгелер не үшін сыйлық алады?

Жарияланған күні:

Көңіл қосып, ақ отау құрған жастардың өміріндегі маңызды күндердің бірі және бірегейі-алғашқы неке түні. Бір шаңырақ астында тұруға бекінген жұп бұл күні бір-бірін жақын тани түсіп, ғұмырдың жаңа кезеңіне қадам басады. Ал алғашқы неке түні тек ерлі-зайыптылар үшін ғана емес, жеңгелер үшін де ерекше күн деуге болады. Себебі, бұл уақытта жас жұбайларға жағдай жасаған жеңгелер көп сыйлыққа кенеледі деп жазады ERNUR.KZ.

Көрнекі фото: wedding-magazine.ru
Көрнекі фото: wedding-magazine.ru: Facebook

Бұл дәстүр қазақта "жолдық" деп аталады екен. Ал салт жайында жеңгесінің жастарға жағдай жасап жүргенін көрген қазақ қызы сұрап алыпты. Сонда әулеттің Назгүл есімді келіні қайын сіңлісіне алғашқы неке түні мен ата-бабадан қалған салт жайында бар шындықты айтып берген көрінеді.

"Жігіт ер жетіп үйленеді, қыз бой жетіп тұрмысқа шығады. Сонда жаңадан үйленгендердің алдында асу бермес үлкен сынақ бар. Ол – алғашқы неке түні. Бұл түн жас жұбайлардың алдағы өмірін мәнді, сәнді ететін, біріне бірін жіпсіз байлайтын, ұрпағын жалғастыратын қасиетті түн. Алғашқы неке түнінде жастарға алаңсыз жатуына жайлы етіп кең төсек салады.
Сосын жастарды бөлмеге кіргізіп, оңашада алғашқы неке түнінің маңыздылығын, төсек ләззатының жөн-жосығын түсіндіреді. Бұл жауапты міндетті жігіттің жеңгесі атқарады. Қайнысы мен келініне әзіл-қалжыңын араластырып, өз білгендерін айтады. Тым ерсі қылыққа бармау керектігін, ашуға бой алдырып, өрескел әрекет етуге болмайтынын түсіндіреді.
Тәтті түннің сәтті өтуіне тілектестігін білдіріп, жастарды оңаша қалдырады. Жастарға төсек салғаны үшін енесінен сый алады. Ертеңіне келіннің пәктігіне де төсекті салған жеңге кепілдік береді. Жас келіннің ақ, пәк болғанын үлкендерге сүйіншілеп жеткізеді. Мұны естіген қайыната да сүйінші сұраған қолды сыйсыз қайтармайды. Бір баласының екеу болғанына, қосағымен бірге қарайып, бірге ағаруына, жас келіннің адал болып келгеніне қуанып бата жасап, сүйінші береді.
Алғашқы түннің көңілді, жайлы өткеніне қуанған жас күйеу де жеңгесін сыйсыз қалдырмайды. Тап осы кезде қайнысының жеңгесіне деген сыйластығы, құрметі, жомарттығы байқалады. Ерні жібіп, құшағы жылыған жас күйеудің ұсынған сыйын қазақ халқы жолдық деп білген", -депті ол.

Дәстүрге сай, жастарға төсек салатын жеңге де салмақты оймен таңдалатын көрінеді. Бұл ауыр да жауапты жұмыс отбасының ырысын арттырып, ошағының түтінін түзу шығарып отырған, бесік тербетіп, бала тәрбиелеп, үлкендерге құрмет, кішіге ізет жасай алатын кең пейілді, ақ жүректі, адал келінге жүктеледі екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786008-pktigine-kepildik-algasky-neke-tnnen-kejin-zegeler-ne-sin-syjlyk-alady/