Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігі 10 мың қызметкерін жұмыстан қысқартпақшы

Опубликовано:

Қазақстанның ішкі істер министрлігі үкіметтің ІІМ қызметкерлерінің санын қысқарту жөніндегі қаулысының жобасын дайындады деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ІІМ 10 мың қызметкерін қысқартуды жоспарлап отыр
Фото: Петр Карандашов/NUR.KZ: Instagram

Түсініктемеде бұл жоба Жол картасы аясында 2019-2021 жылдарда мемлекеттік ішкі істер органдарын модернизациялау мақсатында жүзеге асырылатыны жазылған.

Жоба қабылданған жағдайда ІІМ-нің қызметкерлері 10 592 адамға қысқарады. Оның ішінде полиция қызметкерлері - 8 983 адамға, қылмыстық-атқарушы жүйе - 1 609 адамға азаяды.

Қазіргі кезде аймақтық органдар мен оған тәуелді мемлекеттік мекемелерді есептегенде, ІІМ-нің штат санының лимиті 159 мың қызметкерді құрайды.

Жоба қабылданып, іске асырылғаннан кейін бұл көрсеткіш 149 мың қызметкерге дейін қысқарады.

«Жоба қабылдануы нәтижесінде алынатын қаржы 2019 жылдың 1 шілдесінен аттестаттаудан өткен полицейлер мен ҚАҚ жалақыларын көтеруге жұмсалады», - деп жазылған түсіндірме хатта.

Құжатта жоба ағымдағы жылдың 24 сәуіріне дейін талқыланатыны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788446-iski-ister-ministrligi-10-my-kyzmetkerin-zmystan-kyskartpaksy/

pixel