Ақтауда бір жарым жасар сәбидің өңешінен 10 теңге шықты (фото)
Жарияланған күні:
Ақтауда дәрігерлер "Фолея Кататерін" қолдана отырып бір жарым жастағы баланың өңешінен бөгде затты алып шықты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлаған деп жазады lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Оқиға 22 сәуір күні болған. Бір жарым жасар сәби жөтеліп, тыныс алуының ауырлауына байланысты облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген.
Кезекші дәрігер Насухан Отарғазиев рентген түсірілімін жасап, баланың өңешінде бөгде заттың тұрғанын анықтаған.
"Дәрігер "Фолея Кататерін" қолданып, баланың асқазанынан 10 теңгені алып шықты. Бұған дейін аталмыш әдісті Бейнеу аудандық орталық ауруханасының директоры қолданған. Қазіргі таңда бүлдіршін өзін жақсы сезінуде", - деп хабардар етті Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Еске сала кетейік, 20 сәуір күні алматылық дәрігерлер бес айлық сәбидің өңешінен сырға алып шыққан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790851-aktauda-bir-zarym-zasar-sbidi-esinen-10-tege-tabyldy-foto/