Елордалық арулар: Шымкенттік жігіттер ұсыныс жасаса, келін болуға дайынбыз
Жарияланған күні:
Нұр-Сұлтандық арулар оңтүстіктің жігіттеріне тұрмысқа шығуға қарсы емес екендіктерін жеткізді. KAZ.NUR.KZ тілшісі жүргізген блиц-сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігі дәл осындай жауап қайтарды. Арулардың айтуынша, шымкенттік жігіттер өзге өңірлермен салыстырғанда, өте пысық келеді екен.
Елордалық арулардың бұлай жауап беруіне елордада шымкенттік жігіттердің көп болуы себеп болып шықты. Бойжеткендердің сөзінше, бас қалада жүрген оңтүстік жігіттердің барлығы шетінен пысық келетін көрінеді.
"Осындағы университеттердің бірінде оқимыз. Тобымызда шымкенттік жігіттер өте көп. Шыны керек, біздің жақтың азаматтарына қарағанда, жиын, отырыс дегеннің бәрін сол жігіттер ұйымдастырады. Тіпті дәмді палау мен тамақты да өздері әзірлейді. Яғни шымкенттіктер өте пысық болады.
Ұят та болсын айтайық, осы күнге дейін, ондай отырыстарда бірде бір рет тамақ дайындап көрмеппіз. Жігіттерге рахмет, әрине ол жақта дәстүрді қатты ұстанады дейді, бірақ, бәрі адамның өзі мен отбасына байланысты деп ойлаймыз. Шымкенттік жігіттер ұсыныс жасаса, келін болуға дайынбыз", - дейді өздерін Ақмола облысынан деп таныстырған бір топ студенттер қыздар.
Блиц-сауалнамаға қатысушылардың кейбірі, сондай-ақ, оңтүстіктің жігіттері ауқатты болатынын алға тартты.
"Шымкентте адамдардың тұрмыс деңгейі жақсы, ауылдары біздегі сияқты құлап-қирап жатқан жоқ. Қаласы да, аудан, ауылдары да жайнап тұр. Сондықтан ауқатты отбасына келін болуға болады деп ойлаймын. Сол сияқты "Келінге қатты қарайды, таңертең тұрып, сиыр сауып, үлкендердің аяғын жуады" деген ескіден қалған дәстүр деп ойлаймын.
Қазір адамдардың көздері ашық, келінге ешкім олай қарамайды. Егер тағдыр солай жазса, "шымкентскийге" тұрмысқа шығуға болатын сияқты", - деп күлді солтүстіктің қыздары.
Сол сияқты респонденттердің көпшілігінен "Шымкент бұрынғыдай емес, қаланың өзінде өскендер дәстүрді қатты ұстанбайды, неге келін болмасқа?", "Қарсы емеспін, бәрін бір Алла біледі", "Шымкенттің жігіттері пысық келеді, бала мен асүйге де қарасады, ондай жігіттерге неге шықпасқа?", "Білмеймін, бәрін алдағы уақыт көрсетер" деген сынды жауап алдық.
Десе де елордалық арулардың арасында оңтүстікке келін болуға үзілді-кесілді қарсы болған арулар да табылып жатты.
"Қарсымын", "Ол жаққа бармаймын, салты қатты", "Менталитет біздкімен сай келмейді, шықпас едім" дейді кей бойжеткендер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791242-symkenttike-ketuge-dajynbyz-elordalyk-arular-otstikke-kelin-boluga-kuana-kuana-kelisetin-bolyp-sykty/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 4
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Армандапсыңдар. Тұрмысқа шыққан соң өзің пысық болмасаң, қуып жібереді))
Терминатор
Солтүстіктіктің қыздары отбасылық өмір қиындығына шыдамсыз келеді. Тез ажырасып кете салады. Дәстүр дәстүр деп айтып жатқандары да содан. Әйтпесе түкте қиын емес оңтүстіктің дәстүрі.
Almaty2019
Отырык айтады. Турмыска шыгудын амалы бул жай. Казыргы кыздар деген осындай, жыгытке унау ушын, турмыска дейын барыне дайынмын деп айтады. Тойдан кейын бала туганнан кейын кутыра бастайды ананы стеймын мынаны снемеймын мынау унауды анау унамайды ден. Сосын ажырасып бок сасып калады да алиментерды сорып отырада...
Братан
Ой, келмей ак койындар. Озимиздин кыздар жетеди келин болатын
Жаннат