Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесі қаламады": Іштегі үш айлық баласын дәрімен өлтірген ару мұңын шақты

Опубликовано:

Осыдан алты ай бұрын ішіндегі үш айлық баласын дәрімен түсірген ару жан сырын ақтарды. Оның сөзінше, сәбидің дүниеге келуін әкесі қаламаған екен деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: crosswalk.com
Көрнекі фото: crosswalk.com: Facebook

Бойжеткен баланы дәрімен тастау қиын болмағанын айтады. Алайда, бейкүнә сәбиді қыздың өзі қимаған екен.

"Бала үш ай болып қалған еді, маған дәрігерлер дәрімен үш айлық баланы тастау қиын деп айтты. Алғашқы жүктілігім еді, бірақ қиналған жоқпын. Қимасам да, баланы тастауға мәжбүр болдым, бала оңай түсті, алайда менің жүрегім екіге айырылып жүр. Істеген күнәмнің себебінен бейкүнә сәбиім өлді, ана болу арманым еді, қолымнан әттеген-ай дегеннен басқа ештеңе келмейді. Ол баланы туғым келді, әкесі қаламады.

Бүгінде ана бақытын аңсап жүрген бойжеткен жұрттан кеңес сұрады.

"Аборт жасатқан жоқпын, пышақ тиген жоқ, тек дәрімен түсті, енді көтере аламын ба?", - дейді ол. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791244-kesi-kalamady-istegi-s-ajlyk-balasyn-drimen-ltirgen-aru-myn-sakty/

pixel