Павлодарлық қыз "Мисс Қазақстан - 2019" атанды (фото)
Опубликовано:
Бүгін Нұр-Сұлтанда "Мисс Қазақстан-2019» байқауы өтті. Сән сайысының ақтық сынына еліміздің 32 хас сұлулары қатысқан. Жеңіске Павлодар намсын қорғаған 20 жастағы Мадина Батық жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Мисс Қазақстан» жеңімпазы "Әлем аруы" байқауына жолдама алды. Оған қоса, аруға үш миллион теңге көлеміндегі қаржылай сый берілді.
32 қатысушы арасынан тағы үш бойжеткен "вице-мисс" титулын иеленді.
Бірінші вице-мисс болып Диана Әбішева атанды. Ол Қазақстан атынан "Ғалам аруына" қатысады.
Екінші вице-мисс Надежда Недосекина, үшінші вице-мисс Сәния Мерғалиева болды.
Халықтық дауыс беру мен қазылар алқасының пікірі бойынша үздік бесікке: Диана Әбішева (Алматы), Сәния Мерғалиева (Нұр-Сұлтан), Мадина Батық (Павлодар), Надежда Недосекова (Семей) және Балжанат Анас (Шымкент) кірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792194-pavlodarlyk-kyz-miss-kazakstan---2019-atandy-foto/