Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелінің бірнеше жылдан бері өзгеге ғашық екенін біліп қойған ер азамат мұңын шақты

Жарияланған күні:

Есімі жасырын болып қалған ер азамат өзінің сүйікті жұбайының бірнеше жылдан бері өзге адамды сүйіп келгенін біліп қойған. Екі бала асырап отырған әке отбасын бұзуға жүрегі дауаламай, жұбайының қателігін кешіруге серт берген. Алайда ер адам әйелін іштей кешіре алмайтынын айтып, жан сырын ақтарды деп хабарлайды alashainasy.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: thebridgehead.ca
Фото: thebridgehead.ca: UGC

Ер азаматтың сөзінше, әйелі бірнеше жылдан бері өзге адамды сүйіп келгенін өз аузымен айтқан.

"Жақында жұбайым екеуміз сөйлесіп отырғанда ол маған баска біреуге ғашык екенін айтты. Мен оның өзіме деген салқындығын сезетінмін, бірақ өзгені сүйеді деп ойламаппын. Ол басқа жанға 4-5 жылдан бері сырттай ғашық екен. Ал екеуміздің арамызда екі баламыз бар. Олар әлі кішкентай", - дейді ер азамат.

Cүйікті жарынан мұндай сөздер естимін деп ойламаған ер адам бірден ажырасуға шешім қабылдаған. Дегенмен отбасын бұзғысы келмейтінін түсініп, әйелін жанында қалдыруға тырысқан.

Жанымдағы жарымнан осындай сөздер естіген соң ажырасамыз деп шештік. Бірақ түнімен ойланып, таңертең оған мені тастап кетпеші деп жалындым. Себебі өзін де кимаймын, жақсы көремін, әбден бауыр басып қалған екенмін. Балаларды да ойлаймын. Олар өз туған әкесінен кетіп, басқа кімге керек? Далада кала ма деп қорқамын.

Ер азаматтың сөзінше, әйелі оған бар шындықты айтқаны үшін өкініп қалған.

"Әйелім мені сүймейді. Бірақ балалар бөтен адамдармен бірге тұрғанын каламаймын. Сол үшін шыдап отырмын. Келіншегім маған шынын да, сырын да айтқанына өкініп отыр. Егер ары қарай бірге тұрсақ, бетіңе қалай қараймын дейді. Мен оған ешқашан бетіңе баспаймын деп сөз бердім. Ол да менен кешірім сұрады, мен одан тек отбасымызды бұзбауын өтіндім. Ол маған тағы да бала туып беремін деді", - дейді кейіпкер.

Берген сертінен таюға сәл-ақ қалған ер адам жұрттан кеңес сұрап отыр.

Намыстанып қуып жіберейін десем, балаларды алып кетеді, өзім де оларсыз өмірдің еш мәні жоқ секілді. Балаларым да мені жақсы көреді, кішкентай болса да олардың біздің ажырасқанымызды қаламайтынын білемін.Бірақ өмір бойы осындай жарамен журе алмайтын сияқтымын. Мүмкін әйелім мені қайта жақсы көріп кетер? Әбден басым қатты...", - дейді ол өз сөзінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792933-jelini-birnese-zyldan-beri-zgege-gasyk-ekenin-bilip-kojgan-er-azamat-myn-sakty/