Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстікке келін болған солтүстіктің қызы дәстүрге шыдамай, төркініне кетіп қалған

Жарияланған күні:

Елордалық Адина есімді келіншек (ред. аты-жөні өзгертілді) осыдан бір жыл бұрын оңтүстіктің жігітіне тұрмысқа шыққан. Астанада танысқан олар, көп ұзамай үйлену туралы шешім қабылдайды. Бастапқыда бас қалада тұрамыз деп сендірген жігіт, үйленген соң, туған жеріне қайтқан. Ол жақтың қатаң дәстүріне шыдамаған келіншек төркініне қайтып келген. Жүкті әйелдің жан сырын KAZ.NUR.KZ тілшісі тыңдап көрді.

Көрнекі фото: ernur.kz
Көрнекі фото: ernur.kz: Facebook

25 жастағы Адина былтыр жазда шымкенттік жігітке тұрмысқа шыққан. Елордада танысқан олар, үйлену туралы өмірлік маңызды шешімді көп ойланбай қабылдадық деді.

"Күйеуім Түркістан облысы Түлкібас ауданынан. Ауылда өскенімен оңтүстіктің жігітіне мүлде ұқсамайтын. Жазда ауылда ата-әжесінің қолына, оқу кезінде ата-анасына Шымкентке келіп отырған. Ата-анам "Оңтүстіктің жігітіне жолама" деген әңгімені жиі айтатын.

Алайда тағдыр солай болды, жолымыз тоғысып, үйленетін болып шештік. Отбасылық өміріміздің бастапқы үш айы жақсы өтті.

Ата-анам сыйға тартқан бір бөлмелі пәтерде тұрып, жұмысымызды істеп, ел қатарлы өмір сүріп жаттық. Бірақ күйеуім жұмыстан қысқарып қалып, қыстан бері жұмыс таппай жүрді. Ақыры ақпан айында елге қайтамын деген шешім қабылдады. Әрине бастапқыда мен қарсы болдым

Оған тұрмысқа шығарда, Шымкентке бармайтынымды, тек осы астанада қалатынымды айтқанмын. Бәріне келіскен болатын.

Алайда ата-енем жұмысқа шақырып, ақыры сол айда-ақ көшіп кеттік. Маған да жұмыстан шығуыма тура келді. Барғаннан кейін өмірім басқаша болып шыға келді. Таңертең ертемен тұрып, ата-енеме шай дайындаймын.
Одан қалса, демалыс сайын ауылдағы ата-әжесіне барып, ол жаққа көмектесемін. Орамал тағып, сәлем саламын. Біздің жақта ондай жоқ, шынымен мен үшін ол дәстүрдің бәрі таңсық көрінді.

Кәдімгідей таңғы алтыда тұрып, үй маңын сыпырдым. Университетті қызымен бітірген дипломым, мектепті үздік бітіргенім бәрі жайымен қалды. Өткен айда аяғым ауыр екенін білдім. Ақыры шымкенттік дәстүрге шыдамай осындағы үйіме қайтып кеттім", - дейді келіншек.

Болашақ ана күйеуімен әлі де тілдесіп тұратынын айтты. Алайда туған-туыстары келіншектің соңынан бармаймыз деген шешімге келіп, жолдасын өзімен ажырасуға көндірмек екен.
"Ата-енем, ағалары бар, бәрі менімен ажырас дейді екен. Бойымда бала бар екенін біледі, қалайша сондай сөз айтады екен? Балаға көмектесеміз, әйел табылады деп күнде күйеуіме сондай кеңес береді екен.

Ендігі өмірім не болатынын білмеймін. Мына жақтан ата-анам да көңіліміз қалды, екіге айырылыңдар деп отыр.

Қатаң дәстүрге мойынсұнбаймын деп, отбасымның шаңырағы шайқалайын деп тұр. Егер жолдасым менімен татуласуға соңымнан келмесе, ажырасып тынатын шығармыз. Одан басқа жол көріп тұрған жоқпын", -деп әңгімесін аяқтады келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795656-otstikke-kelin-bolgan-soltstikti-kyzy-dstrge-sydamaj-trkinine-ketip-kalgan/