СҚО-да су ресурстары жөніндегі комитеттің бұрынғы басшысы ұсталды
Опубликовано:
Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігі су ресурстары комитетінің облыстық филиалының бұрынғы басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді деп хабарлайды Петропавловск.news-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық Бюро департаментінің бастығы Асхат Жұмағалидің ақпараты бойынша, СҚО комитетінің филиалының негізгі функциясы ауыз сумен және суармалы сумен қамтамасыз ету болып табылады.
Ұйымның балансында 3 гидротехникалық құрылым бар. Бұл нысандардың жобалық қуаттылығына қарай жылына тұрғындарға 400 млн. текше метр су беруі тиіс. Алайда нақты көрсеткіштер тек 10% -ды құраған.
"Осы лауазымда жұмыс істеген жыл ішінде филиал басшысы аймақтағы сумен жабдықтауды жақсарту үшін бірыңғай сындарлы ұсыныс жасамады", - деді департамент бастығы.
Департаменттің қызметкерлері бұрынғы басшы өзінің қол астындағы жұмысшылардан ғана емес, басқалардан да ақша алды деп күдіктенетінін жеткізді.
Тергеу мәліметтері бойынша, шенеунік қызметкерлерін жалған іс-сапарларға жіберу арқылы, мемлекеттік сатып алудан, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілерінен пайда тапқан.
Мемлекеттік қызметкер осындай әдістер арқылы тапқан "табысын" америкалық валютаға айырбастап отырған.
Қазіргі уақытта ол ұсталып, қамауға алынды. Жақында істің материалдары сотқа жіберіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797018-sko-da-su-resurstary-znindegi-komitetti-bryngy-bassysy-staldy/