Полицейлер үш күн бойы үйінен шықпаған арыстық қарияны тапты (фото)
Опубликовано:
Түркістан облысының полицейлері Арыс қаласында жарылыс кезінде қалып қойған 80 жастағы қарияны іздеп тапты. Анықталғандай, ақсақалдың көзі көрмейтін болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

1940 жылы туған қарттың құлағы да ауыр, естімейді. Үш күннен бері үйінен шықпаған мүмкіндігі шектеулі қария жарылыстардың дыбысын естімеген көрінеді.

Желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі А.Н. Орманов пен бөлімше бастығы, полиция майоры А.Б. Мақұлбеков жарылыс кезінде үйінен шыға алмаған қарияны қауіпсіз жерге көшірді.

Арыс қаласының іргетасын қалауға қатысқанын айтып көзіне жас алған қарт тәртіп сақшыларына алғысын айтты. Жарылыстан соң жалғыз қалып қойған қария Бадам елді мекеніндегі туыстарына апарып тастауды өтінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801848-policejler-s-kn-bojy-jinen-sykpagan-arystyk-kariany-tapty-foto/