Бүгінгі күні елімізде су қоры жеткілікті ме?
Жарияланған күні:
Су – тіршілік көзі. Сусыз күніміз жоқ. Сондықтан тез арада трансшекаралық сулардың мәселесін шешіп алу күн тәртібінде болуы тиіс.
Жақыпбай ДОСТАЙҰЛЫ, география ғылымының докторы, профессор:
Таза ауызсуды қала көшелерінің шаңын басуға пайдаланғанымыз қалай?!
– Еліміз пайдаланатын судың 50 пайыздайын басқа елдерден келетін өзендерден алады. Оның ішінде Қытайдан – 19 пайыз, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан – 17 пайыз және Ресейден 7 пайыздай су алады.
Бұл су ресурстары шаруа қожалықтары мен егіс даласын суаруға пайдаланылады. Яғни атап көрсетіп отырғанымыздай, негізгі су көздері шетелден келеді.
Кейбір жылдары елімізде су жетіспеушілігі айтарлықтай білінді.
Себебі еліміз әлемдегі ірі теңіздер мен мұхиттардан айтарлықтай алыс жатыр. Осы орайда елімізге үлкен көлемдегі сулардан келетін ылғал мөлшері мәз емес. Сондықтан біздің кейбір өңірлерімізге түсетін жауын-шашын, ылғал мөлшері тым аз.
Жыл өткен сайын экономиканың қарыштап дамуына орай, су қажеттілігі де артқан үстіне артып барады. Күріш егетін облыстарымызға су өте көп қажет. Өндіріс саласында да түсті металл өндіру үшін суды өте көп қажет етеді. Және оған пайдаланатын су өте таза болуы керек.
Мәселен, Балқаш мыс комбинатында мыс өндіру үшін пайдаланатын судағы тұздың мөлшері төменгі мөлшерден асып кетпеуі тиіс. Егер асып кетсе, гидролизбен алынатын мыстың сапасы төмендейді. Ал мыстың сапасы төмендесе, оның бағасы төмендейді. Ондай жағдайда тіпті мысты сыртқа сата алмауымыз да мүмкін.
Сондықтан жекелеген тұрғындардың пайдалануынан бастап, өндіріс, ауыл шаруашылығы саласының бәрінде су керек-ақ. Рас, кейбір өңірімізде су жеткілікті болғанымен, кей жерлерде үнемі су тапшылығы туындап отырады.
Сол өңірлердегі су тапшылығын жою мақсатында география институты Ертіс суын 3000 шақырым жерді айналдырып, Астана арқылы насоссыз өз ағысымен Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Торғай өңірлерін толығымен сумен қамтамасыз ете отырып, Қызылорда өңіріне әкелу жоспарын қарастырып жатырмыз.
Бұл, бір жағынан, келешекте Астана қаласының дамуына да өзінің үлкен көмегін тигізер еді. Біз өз жыртығымызды өзіміз жамап, су тапшылығын болдырмау жағын қарастыруымыз керек.
Өйткені біз су алып отырған елдердің экономикасы өскен сайын олардан келетін су мөлшері де жыл өткен сайын азая береді.
Тіпті күндердің күнінде түрлі сылтаумен олар су көздерін жауып тастаса да, біз ешкімге шағым айта алмаймыз. Сондықтан ертерек өз жоғымызды өзіміз түгендеп үлгергеніміз жөн.– Басқа елдерден келетін суға зәрулік сол елдерге кіріптарлықты арттыра түседі дейсіз ғой...
Су – тіршілік көзі, сусыз күніміз жоқ
– Иә-иә, дұрыс айтасыз. Су – тіршілік көзі. Сусыз күніміз жоқ. Сондықтан тез арада трансшекаралық сулардың мәселесін шешіп алу күн тәртібінде болуы тиіс. Және өз еліміздің аумағындағы суды тиімді пайдалану жағын ойластыру керек.
– Ал біз өзіміз суды қаншалықты үнемдеп пайдалана алып отырмыз?
Қолда бар суды ретсіз шашып-төгіп пайдаланып отырғанымыз рас.
Мәселен, өткен жылы көктемде талай қалаларымыз еріген қар суының астында қалды. Қаншама шығын келді. Шығынды қалыпқа келтіреміз деп жүріп, сол еріген қар суын тиімді пайдалану жағын да ойластырған жоқпыз. Бостан-босқа ағып кетті.
Ол су бізге залалын тигізді, ал біз сол суды пайдаға асыру жайын ойластырған да жоқпыз. Егер судың қадірін білгенімізде, оның ысырап болуына жол бермес едік.
Талай рет көшеге су шашатын көліктердің таза суды құйып алып жатқанын көрдім
Ең болмаса техникалық су ретінде көлік жуатын орындар мен көшелердің шаңын басуға пайдалануға болатын еді ғой. Мен талай рет көшеге су шашатын көліктердің таза суды құйып алып жатқанын көрдім. Оны тіпті суретке түсіріп алып, кітабыма да енгіздім, тиісті орындарға да жолдадым. Бірақ нәтиже жоқ. Кей ауылдар қара суға жете алмай, қардың суын ерітіп ішіп отырғанда, қаладағы таза ауызсуды көшенің шаңын басуға пайдаланғанымыз қалай?!
Тағы бір мысал: елімізде күрішті өсіруге пайдаланылатын судың әрбір гектар үшін15 мың текше метр көлемінде қажеттілігі ғылыми түрде есептеліп қойылған. Алайда Бақанас өңірінде күрішке гектарына 45 мың текше метр су пайдаланылады екен. Мөлшерінен үш есе көп. Суды тиімді пайдалана алмай отырғанымызды осыдан-ақ байқауға болады.
Қытайда адам басына шаққанда жерді суару мөлшері 0,6 гектар көлімінде, ал бізде адам басына 6 гектар жерден келеді екен. Яғни егістік жеріміздің көлемі жан басына шаққанда қытайлардікінен он есе көп. Бізде еңбек күші жетпейтін болғандықтан, суды беталды ағызып суарады. Керек десеңіз, бұл егістікке де зиян. Себебі ағып тұрған судың температурасы қалыпты болмайды. Ал, негізі, күрішке құйылатын судың температурасы қалыпты болуы тиіс. Оның үстіне, суды егістікке мөлшерімен жіберсең – су болады, ал мөлшерінен асса – уға айналады.
Артығымен жіберген судың кесірінен біздің күрішіміздің арасында қамыс, арамшөп көп өседі.
Судың мол жіберілуі салдарынан күрішке берілетін құнардың мөлшері азайып, дақыл өсіп тұрған жерде батпақтану процесі жүреді. Соның әсерінен күріштің өнімділігі де азаяды. Вьетнам, Қытай, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің көбісі суды үнемдеу мақсатында қолмен егеді. Сондықтан олар жылына күрішті үш рет егіп, үш қайтара өнім алады. Біздің күріштен өнім алғанда рекордтық көрсеткішіміз 300 центнердің айналасы болса, қытайлар 1000 центнерге дейін өнім алады. Яғни аз жерге егін егіп, аз су жұмсаса да, алатын өнімі біздікінен үш есе көп. Олар 1 грамм суды артық жұмсамауды үйренген. Сондықтан алдағы уақытта еліміз суды үнемдеудің тиімді шараларын қарастыруы керек. – Елімізде әлі күнге дейін қардың суын ерітіп, арық суын тұндырып ішіп отырған ауылдар баршылық. "Таза ауызсу" бағдарламасы бұл мәселені қаншалықты шеше алды?
Аталмыш бағдарламада 2015 жылға дейін халқымызды таза ауызсумен қамтамасыз етуді 70-80 пайызға жеткізу туралы айтылған.
Әзірге еліміздің таза ауызсумен қамтамасыз етілуі 30-40 пайыздан аспайды. Менің қолымда қазір осы бағдарламаның жетістігі мен кемшілігі туралы жасалған сараптама бар. Сараптамаға қарап отырсам, кейбір өңірлерде жасалынып жатқан жұмыстар бақылаудың жоқтығынан аяқсыз қалған. Бөлінген қаржы талан-таражға түскен. Атап айтар болсам, Ертіс-Қарағанды каналы жобасының қайда кеткені белгісіз.
Кентау-Түркістан жерасты суы жүргізілуі тиіс еді.
Бұл жоба да жоқ болып кетті. Жобамен бірге бөлінген ақша да жоғалды. Аталмыш жобалар жасалғанымен, бақылау, қадағалаудың болмауынан бәрі тістегеннің аузында, ұ
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/180294-bygingi-kyni-elimizde-su-kory-zhetkilikti-me/