Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалық жедел жәрдем бригадасы арыстық тұрғынды тірілтіп алды

Опубликовано:

Арыста кезекшілікте болған елордалық жедел жәрдем бригадасы клиникалық өлімге ұшыраған науқасты құтқарып қалды деп хабарлайды Спутник Қазақстан.

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ: Twitter

3 шілде күні таңертең жедел жәрдемге 30 жастағы азаматтың тоққа түсіп қалғаны туралы хабар түскен.

Мамандар оқиға орнына жеткенде ес-түссіз жатқан ер адамға "клиникалық өлім" диагнозын қойыпты.

Жедел жәрдем қызметкерлері жүрек-өкпе жұмысын қалпына келтіру үшін тез шара қолданып, науқастың бетін бері қаратқан.

Дәрігерлердің арқасында ер адам клиникалық өлімнен кейін тірілді.

Содан соң науқасты санитарлық көлікпен Шымкентке жеткізген. Қазір оның жағдайы бір қалыпты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ол кардиология орталығында емделіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803050-elordalyk-zedel-zrdem-brigadasy-arystyk-trgyndy-tiriltip-aldy/

pixel