Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"GGG - кәрі оңбаған": Америкалық БАҚ Головкин туралы жағымсыз пікір білдірді

Опубликовано:

SecondsOut.com cайты Геннадий Головкин туралы жағымсыз пікір айтты. Шолушылар қазақстандық спортшыны "оңбаған" деп атап, Альвареспен үшінші кездесудің өтетінін мәлімдеді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"GGG - кәрі оңбаған. Иә-иә, оңбаған. Оның Абель Санчестен бас тартқаны лас қылық болды. Баланың күлімсіреуі мен "Big Drama Show" мантрасы ойдан құрастырылған", - дейді GGG туралы сайт өкілдері.

Олар Альвареспен болған алғашқы жекпе-жекте Головкиннің жеңіске жеткенін, бірақ екінші рет жеңіліске ұшырағанын атап өтті.

"Екінші шайқастан кейін оның бетіне қараңызшы - оның быт-шытын шығарды. Ол тіпті күннен қорғайтын көзілдірікті дұрыс кие алмады", - деп жазады автор.

Шолушылар екі боксшының да DAZN-мен миллиондаған келісімшартқа қол қойғанын атап өтті.

Енді олар бір платформада шығады. Сарапшылар GGG мен "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жек өтеді деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804782-ggg-kri-obagan-amerikalyk-bak-golovkin-turaly-zagymsyz-pikir-bildirdi/

pixel