Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төсек қатынасын ашық қозғаған отандық бағдарлама жұрттың ашуына тиді (видео)

Опубликовано:

Атышулы "Жабық тақырып" бағдарламасы бұл жолы жыныстық қатынастың адам өміріндегі рөлін ашық қозғады. Түсірілім алаңына келген маман төсек қатынасының адамдарға не үшін қажет екенін ашық айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Бағдарламаның ұзіндісі Instagram-дағы insta_azil парақшасында пайда болды.

Желіде тараған видеода журналист мамандардан төсек қатынасының не үшін қажет екенін сұраған.

"Ең біріншіден, жыныстық қатынас әйел мен ер адамның қатынасын жақсарту үшін керек. Сондай-ақ, жыныстық қатынастан алған ләззат - антидеприссант болып табылады. Ашушаң, қызбамінезді әйел адамдарды көргенде адамдар "Мына кісінің күйеуі жоқ қой деймін" деп ойлап қояды.
Антидеприссант болғаннан кейін адам өзін жайлы сезініп, сапбыр сақтай алатын болады. Сонымен қатар, аптасына 2-3 рет жыныстық қатынаспен айналысатын ер адамдарың иммунитеті мықты болады", - деп түсіндірді маман.

Алайда маман мен жүргізушінің ашық әңгімесі желі қолданушыларына жақпай қалды.

"Беттерің қалыңдап кеткен бе, ұяттан жұрдайсыңдар ма?", "Ұрпақты дүбара қылып қойдыңдар ау!", "Қайда ұят?", "Енді жетпегені осы еді басқа нәрсе айтуға болар еді", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805588-tsek-katynasyn-asyk-kozgagan-otandyk-bagadarlama-zrtty-asuyna-tidi-video/

pixel