"Шын мәнінде жоқ автобусқа билет алдық": Қазақстандықтар Тоқаевқа шағымданды
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке пойыз билеттеріне қатысты алаяқтықты тоқтатуға тапсырма бергенін хабарлады. Президенттің желідегі бұл жазбасына жауап берген қазақстандықтар отандық жолаушылар тасымалы саласындағы проблемаларды ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр" , - деп жазды президент өзінің Twitter парақшасында.
Қазақстандықтар мемлекет басшысының жолдауына бірден жауап берді.
"Жасанды тапшылық - бұл әлдеқайда орынды құбылыс. Біз кеше шын мәнінде жоқ автобусқа билет сатып алдық" , - деді Tattibala лақап атты желі қолданушысы.
Тағы бір желі оқырманы жолаушылар тасымалы саласын жақсарту жолдарын ұсынып, билеттерді алып-сатушылармен қалай күресу керек екенін айтты.
"Вагондар санын көбейту, алып-сатарларға ақшаға сатылып қойған билеттерді қайта рәсімдеуге мүмкіндік бермейтін жүйе құру керек. Бұл тек Алакөл ғана емес, барлық Қазақстан бойынша қарапайым пойыздарға билет таппайсың" , - деп жазды Arman Anuarov деген желі қолданушысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806958-syn-mninde-zok-avtobuska-bilet-aldyk-kazakstandyktar-tokaevka-sagymdandy/