Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда 13 жастағы мектеп оқушысы 16 жастағы жігіттен жүкті болып қалды

Опубликовано:

Павлодар полициясы 13 жастағы мектеп оқушысының жүктілігін тексеруде деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Полицияға қыздың анасы жүгінген. Ол медициналық тексеруден кейін қызының жүкті екенін білгенін айтады. Келіншектің сөзінше, мектеп оқушысы 16 жастағы жігітпен бірге төсек қатынасына түскен. Қазіргі уақытта жас жігітке қатысты тергеу амалдары басталып кетті.

Қыз бен жігіт бұл әрекетке бір-бірін ұнатқан соң бардық дейді.

Sputnik Қазақстанның дерегінше, полиция мәліметіне сәйкес бұл 2019 жылдың басынан бастап өңірдегі жасөспірімдер жүктілігінің 15-оқиғасы. Ана болуға дайындалған қыздар 16 жасқа да толмаған. Ал болашақ әкелер 15-17 жасқа енді толады.

"Құрметті, ата-аналар! Балаларыңызды тыңдаңыздар! Олармен жыныстық тәрбие туралы сөйлесіңіздер! Ешқашан "бұл туралы" әңгімені мектепке, дәрігерлерге, көше мен интернетке қалдырмаңыздар!", -деді полицияда.

Мамандар балаларға жыныстық тәрбие беру үшін осы тақырып бойынша білім беретін фильмдерді көруді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807852-pavlodarda-13-zastagy-mektep-okusysy-16-zastagy-zigitten-zkti-bolyp-kaldy/

pixel