Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Опубликовано:
Алматы облысында адам өлімі тіркелген жол көлік апаты болды деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Ақпаратты Полиция департаменті ресми түрде растады.
Мекеменің мәліметінше, Жол апаты Алматы-Өскемен автожолының 151-шақырымында болған.
"Mazda" және "Howo" көліктерінің соқтығысқаны белгілі болды. Екі адам ауыр жарақат алып, бір адам қаза тапқан.
Жол апаты дерегі бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, қажетті сараптама тағайындалған.
Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809421-almaty-oblysynda-zol-apatynan-bir-adam-kajtys-boldy/