Айырбастау нүктелерінде доллар бағамы 389 теңгеге дейін шарықтап кетті
Опубликовано:
Доллар ұлттық валютаны тағы да құлдыратты. KASE-нің таңертеңгі саудасында АҚШ валютасы 386,9 теңгені құрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

KASE-те таңғы сауда аяқталды. Соның нәтижесінде кезекті антирекорд тіркелді. Доллардың орташа сараланған бағамы 386,9 теңгені құрады.
Қазақстандық айырбастау нүктелерінде Курс.kz ақпараты бойынша, доллар 388-389 теңгеге дейін шарықтап кеткен.
Еске сала кетсек, сарапшылар ұлттық валютаға қатысты болжам жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809507-ajyrbastau-nktelerinde-dollar-bagamy-389-tegege-dejin-saryktap-ketti/