Оралда Porsche Cayenne көлігімен жол апатын жасаған театр директоры қамауға алынды
Опубликовано:
Оралдың әкімшілік соты Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық драма театрының директоры Қуаныш Амандықовты 20 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еске сала кетейік, Қуаныш Амандықовтың қатысуымен болған жол-көлік апаты 16 шілдеде орын алды. Ол өзінің Porsche Cayenne автөкөлігімен бағдаршамда тоқтап тұрған екі бірдей көлікті соққан.
Медициналық сараптама театр директорының жеңіл дәрежеде мас болғанын көрсетті.
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қуаныш Амандықовты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 608 бабы бойынша кінәлі деп танып, 20 тәулікке қамауға алу жазасын белгіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810761-oralda-porsche-cayenne-kligimen-zol-apatyn-zasagan-teatr-direktory-kamauga-alyndy/