Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату жайлы өтініші тағы қабылданбады

Опубликовано:

"Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші тағы қабылданбады. 10-қыркүйектегі процесс апелляциялық инстанция сотында өткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот залы. Фото: NUR.KZ
Сот залы. Фото: NUR.KZ: Original

Мұхтар Жәкішевтің қорғаушысы оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан Семей қалалық сотының шешімін өзгерту туралы өтініш берген болатын.

Істі тыңдау бірнеше рет кейінге қалдырылды, ал 10-шы қыркүйек күні кешке дейін созылған.

Мұхтар Жәкішевтің сотқа қашықтықтан қатысуына мүмкіндік болмаған. Осыған орай, сот процесінде видеоконференция байланысына қатысты дау туындаған.

Сот процесі барысында қорғаушы тарап төрағалық етіп отырған судья Мирхат Курмановқа, кейін ШҚО сотының барлық құрамына наразылық білдірді. Алайда, наразылықтар қабылданбай, істі қарау одан әрі жалғасты.

Жәкішевтің қорғаушылары бірінші инстанция соты шығарған бұйрықтың күшін жою керек деген дәлелдер келтірсе, прокурор керісінше шешміді күшінде қалдыруды қарастыратын дәлелдерді алға тартты.

Сот процесіне бірнеше БАҚ өкілдері, блогерлер мен халық белсенділері қатысты.

Барлық тараптарды тыңдаған сот кеңесу бөлмесінен шыққан соң бірінші инстанция сотының шешімін өзгеріссіз қалдыруға, қорғаушы тараптың өтінішін қанағаттандырмауға шешім шығарды.

Еске сала кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" ҰК бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған сеніп тапсырылған мүлікті жұмсау және пара алды деген айып тағылған.

Сондай-ақ биылғы жылдың 24-ші шілдесінде Семей соты Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шағымын қабылдамаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815727-zkisevti-sartty-trde-merziminen-bryn-bosatu-turaly-tinis-kajtadan-kabyldanbady/

pixel