Қазақстанға келген арабтар 50 көгершін сатып алып, оларды жемекші болған
Опубликовано:
Ақтөбе облысында Сирия азаматтары Қазақстаннан 50 көгершін сатып алып, өздерінің мәлімдеуінше, жеуге тырысқаны үшін жазаланды. Олар далалы аймақта саяхаттау кезінде құстарды Арал маңы тұрғындарынан сатып алған деп хабарлайды Ақтөбе облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Охотзопромның" инспекторлары 30 тамыз күні кешкісін 23:00-ге жуық көгершін алып бара жатқан үш көлікті ұстады.
Оқиға Байғанин ауданындағы Жаңажол ауылдық округінде, Донызтау жерінің Оймауыт ауылына жақын жерде болды.
Мән-жайды анықтау үшін жүргізушілер мен жолаушылар Байғанин аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Олардың біреуі Қазақстан азаматы, қалған бесеуі Сирия азаматтары екені анықталды.

Ұсталғандардың айтуынша, олар Алматыдан бірнеше күн бұрын шығып, Ақтөбеге қарай бағыт алған.
Ұсталғандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 389-бабы "Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктері мен туындыларын заңсыз алу, сату, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау" бойынша жауапқа тартылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816178-kazakstanga-kelgen-arabtar-50-kgersin-satyp-alyp-olardy-zemeksi-bolgan/