Пойыз бен автобустың соқтығысуы: Тоқаев марқұмның туыстарына көңіл айтты
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы пойыз және автобустың қатысуымен болған жол апатынан қаза тапқан жанның туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы ел басшысы өзінің Twitter парақшасында жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алматы обл. Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды", - деп жазды президент.
Еске сала кетейік, бұған Шамалған маңында пойыз бен автобустың соқтығысқаны жайлы хабарланған болатын.
Сондай-ақ, алдын-ала мәліметтер бойынша екі адамның қаза болып, тоғыз адамның жарақат алғаны айтылған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816654-pojzyben-avtobusty-soktygysuy-tokaev-markmdardy-tuystaryna-kil-ajtty/