Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік алаяқтар қазақстандықтардың шотынан 200 млн теңге ұрлады

Жарияланған күні:

Ресейлік алаяқтар қазақстандық банктік шоттарға қол жеткізу үшін Интернеттегі жарнаманы пайдаланған. Осылайша 200 миллион теңгені ұрлаған. Бұл туралы Мәжілісте ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Артур Платонов еліміздің азаматтарының мүлкіне қатысты Ресей аумағында жасалған 42 қылмыстық іс тергеліп жатқанын атап өтті.

Атап айтқанда, алаяқтық жолмен және ақпараттық технолгияларды пайдалану арқылы банк шоттарынан қазақстандықтардың ақшасы жымқырылған.

"42 қылмысқа тоқталсақ, шынымен де Қазақстанның ішкі істер министрлігі тарапынан Ресей аумағында жасалған қылмыстық іс тергеп жатыр. Бұл қылмысқа күдікті алаяқтар анықталмай жатыр.

Олар желідегі жалған жарнамалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, біздің азаматтардың шоттарына қол жеткізіп жүрген. Осы орайда электронды тәсілдермен қазақстандықтардың ақшасын Ресей аумағына аударған, шамамен 200 миллионға жуық.

Менің білуімше, бұл қаржы Мәскеу, Санк-Петербор, Уфа және бірнеше қаланың аумағанды шығарылып алынды. Біз Минск конвенциясына сәйкес, банктерде ақшаны шығарып алған адамдарға қатысты видеоны ұсыну туралы сауал жолдадық", - деді Марат Қожаев.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы рәсімдер бірнеше айға созылуда.

"Келісу рәсімдері біздің органдар арасында өткенше, кейін Қазақстанның бас прокуратурасы арқылы, сондан кейін Ресейдің бас прокуратурасынан өткізілгенше, яғни бұл атқарылатын жұмыстар шамамен екі айға жалғасады. Өздеріңіз білесіздер, осы уақыт ішінде видео материалдарды сақтау мерзімі өтіп кетеді.

Қазіргі кезде кейбір фактілер бойынша қажетті видео-жазбалар сақталмағаны хабарланды. Сондықтан бүгін Мәжілісте қаралған құжат осы тектес мәселелерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді", - деді М. Қожаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819970-resejlik-alaaktar-kazakstandyktardy-sotynan-200-mln-tege-rlady/