Головкин мен Деревянченко жекпе-жек үшін қанша ақша алады?
Опубликовано:
Қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченконың титулдық жекпе-жек үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

ESP спорт шолушысы Дэн Рафаэльдің айтуынша, GGG гонорары 15 млн долларды құрайды, яғни 5,8 млрд теңге. Бұл ретте соманың жартысын DAZN қызметі төлейді.
Рафаэльдің ақпараты бойынша, украиналыққа тек 4 млн доллар төленеді, алайда "оған 5,2 млн доллар төлеуге кепілдік берілген", бұл теңгеге аударғанда - 2 млрд теңгені құрайды.
Сонымен қатар, The Athletic порталы Деревянченконың жекпе-жек үшін кемінде 5 млн доллар алатынын жазады. Егер украиналық жеңіске жететін болса, оған "сегіз таңбалы саны бар гонорар" бұйырады, ал келесі жекпе-жекте ол қарсыласына қарамастан 10 млн доллар алады.
Айта кетейік, боксшылар бүгін салмақ өлшеу рәсімін өткізіп, көз түйістірді. Кездесуді 6 қазан күні таңғы сағат 9-да екі республикалық арнадан көруге болады.
KAZ.NUR.KZ порталы да Головкин-Деревянченко кездесуінен хабар таратады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820544-golovkin-men-derevancenko-zekpe-zek-sin-kansa-aksa-alady/