Шамалғандағы апаттан зардап шеккен қыздар комадан шықты
Опубликовано:
Шамалған стансасындағы теміржол өткелінде пойызбен болған апаттан ауыр жарақат алған екі қыз комадан шықты деп хабарлайды Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Екеуі де оңалту шараларынан өтіп жатыр, комадан шықты", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, 15-ші қыркүйекте Шамалған стансасында автобуспен пойыз соқтығысып, қоғамдық көлік жүргізушісі қаза болды.
Сондай-ақ апаттан зардап шеккен қызға бас сүйегінің трепанациясы жасалғанын хабарлаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821715-samalgandagy-apattan-zardap-sekken-kyzdar-komadan-sykty/