Қазақстандық футболшы жол-көлік апатына түсіп, әкесі мен ұлынан айырылды
Опубликовано:
Белгілі футбол шолушысы Айдын Қожахмет өзінің Telegram-арнасында қақпашы Илья Байтеряков өз отбасымен бірге қайғылы оқиғаға тап болғаны туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Фото: fc-altay.kz Фото: fc-altay.kz](https://cdn.nur.kz/images/1120/fb30df5fabe3de9c.jpeg)
Апат салдарынан бірқатар қазақстандық командалардың бұрынғы қақпашысының әкесі мен кіші ұлы қаза тапты.
"Илья өзі басқарған автокөлік Семей-Өскемен трассасында аударылып қалды. 35 жастағы экс-футболшының кіші ұлы мен әкесі бірден көз жұмды. Илья мен оның үлкен ұлы ауыр жағдайда. Илья ес-түссіз жатыр", - деп жазады Қожахмет.
Оның айтуынша, спортшының анасы мен зайыбы да апат салдарынан зардап шеккен.
Илья Байтеряков "Семей", "Энергетик", "Қазақмыс", "Ақжайық", "Восток" және "Атырау" клубтары үшін голкипер позициясында ойнады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821948-zol-klik-apatyna-tsken-kazakstandyk-futbolsy-kesi-men-lynan-ajyryldy/