Назарбаев Жапония императорына көңіл айтты
Опубликовано:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапония императоры Нарухитоға арналған жеделхаты Елбасының ресми сайтында жарияланған.

Нұрсұлтан Назарбаев табиғат апаты мен нөсерлі жаңбыр салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
"Сізге, сондай-ақ қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыға ортақтастығымды білдіремін.
Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін", - делінген жеделхатта.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822020-nazarbaev-zaponia-imperatoryna-kil-ajtty/