Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр мен ылғалды қар: Елімізде күн суытады

Опубликовано:

Алдағы бірнеше тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күннің суытуы күтіледі деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Метеоорталықтың мәліметінше, алдағы үш күнде – 15, 16 және 17 қазанда елдің басым бөлігінде күн суытады. Көптеген өңірлерде жаңбыр мен ылғалды қар жаууы ықтимал.

15 және 16 қазан күндері Солтүстік Қазақстан облысында нөсерлі жаңбыр күтілуде. Кей жерлерде қар жаууы ықтимал. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.

Ақмола, Қостанай және Қызылорда облыстарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі. Бұл өңірде де желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Синоптиктер аталған аймақтарда дауылды ескерту жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822107-zabyr-men-ylgaldy-kar-elimizde-kn-suytady/

pixel