Назарбаев өзін Жапонияның бұрынғы императорымен салыстырды
Жарияланған күні:
"Хабар" телеарнасы "Банзай императорға немесе Елбасыны Жапонияда қалай қарсы алды" деп аталатын фильмнің көрсетілімін өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі мемлекеттің қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді.
"Мен, император Акихито сияқты, биылғы жылы өз өкілеттігімді тоқаттым. Менің Жапонияға сапарларым және Хенсей дәуіріндегі келіссөздер кезінде біз әрдайым бір-бірімізді түсінетінбіз.
Біз мәдениетімізді ілгерілету бойынша табысты саясат жүргізудеміз. 150 жылдан астам Қазақстан патшалық Ресейдің астында, кейін КСРО астында болды.
Бізге өз тарихымызды зерттеуге тыйым салынды. Ұлттың мәдени-тарихи кодына қайта орала отырып, мен рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған "Рухани жаңғыру" бағдарламасын бастадым", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824890-nazarbaev-zin-zaponiany-bryngy-imperatorymen-salystyrdy/