Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрдің орынбасары мектептегі жаңа бағалау жүйесіне қарсы петицияға жауап берді

Опубликовано:

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Қазақстан мектептеріндегі БЖБ мен ТЖБ-ға қарсы құрылған петицияға пікір білдірді. Қазіргі уақытта оған мың адам қол қойып үлгерген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

БҒМ "бұл қандай петиция екенін, оған ата-аналар қол қойып жатыр ма оны білмейміз - мұны анықтау біздің құзіретімізге кірмейді" деді.

БЖБ және ТЖБ бағалау жүйесіне наразылардың мәселесін министрлікте басқаша жинап жатыр. Олар мәселені интернеттегі петицияларды қарау арқылы емес, мектептердегі мұғалімдермен және ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы шешпек.

Білім министрлігінің БЖБ мен ТЖБ-дан бас тарту туралы ниеті жоқ. Алайда олар жүйені жетілдіру керек деп отыр.

БҒМ жаңа бағалау жүйесінің артықшылықтарының бірі - балаларды қорытынды шығаруға, сондай-ақ сабақта ой қозғауға шақыратынына сенімді.

Яғни балаларға теріс әсер ететін әдеттегі үш, төрттен беске дейін қатаң бағалау болмайды. Әзірге жүйенің кемшін тұстары айтылмады.

Министрлік мұғалімдерден оқушыларға бағаны баллмен қою туралы ұсыныс түсетінін хабарлады. БҒМ бұл ұсыныстарды қарастырады, дегенмен БЖБ мен ТЖБ жүйесін түбегейлі өзгертпек емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825262-bgm-mektepterdegi-zaa-bagalau-zjesine-karsy-peticiaga-zauap-berdi/

pixel