Әйелін тастап, көңілдесіне үйленген ер адам оның баласын бағудан шаршаған
Жарияланған күні:
Әйелі мен баласын тастап, көңілдесін жар етіп алған ер адам мұңын шақты. Айтуынша, ол өз ұлын емес, қазіргі келіншегінің баласын бағудан шаршаған екен. Бұрынғы әйеліне қайта оралуды аңсап жүрген кейіпкер желіде сырын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ер адам Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасына хат жолдады.
Көңілдесін жар етіп алған азамат оның ұлымен бір мәмілеге келе алмай қиналып жүрегнін сөз етті.
Оның айтуынша, ол әкелік мейірімін өз ұлына емес, бөтен біреудің баласына көрсетіп жүргеніне күйінеді.
"Әйелімді тастап, көңілдесіме үйлендім. Оның баласы бар. Ұлы кішкентай болғанда екеуіміз жақсы араластық. Қазір күнде ұрыс-керіс. Соған қарамастан оны тамақтандырып, киіндіруім керек. Әйелім маған ренжіп, үнемі оны қолдайды. Жастық шақтың буымен әйелім мен баламды жоғалтып алдым.
Қазір олармен араласпаймын, алимент төлеймін. Бір жерде демалып жүргенде соларды ойлаймын. Неге осы жерді туған балама емес, бөтен біреудің рақымы жоқ баласына көрсетіп жүрмін деп ашынамын", - дейді ер адам.
Кейіпкер көңілдесімен 2 жыл кездесіп жүріпті. Жұбайы көзіне шөп салып жүргенін біліп қойған кезде дереу ажырасуға бел буған.
"Өз әйеліме екі жыл опасыздық жасадым. Ол бәрін біліп қойған кезде, ажырасуға арыз беріп, өз жұртына кетіп қалды. Кезінде ең бастысы төсек қатынасы деп ойлайтынмын. Қазіргі әйелім оның жілігін шағып тастағынын түсіндім, тіпті, одан бала сүйгім келмейді.
Өз отбасыма қайтып оралғым келеді. Жаттығуларға біреудің емес, өз баламды апарғым келеді. Әйелім мені кешіру үшін не істесем болады?", - деп ақыл сұрады ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826058-jelin-tastap-kildesine-jlengen-er-adam-ony-balasyn-bagudan-sarsagan/