Қазақстанның аз қамтылған отбасылары қосымша қолдау шараларын алып жатыр
Жарияланған күні:
Қазақстанның аз қамтылған отбасылары қосымша қолдау шараларын алып жатыр. Оларға материалдық жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік беретін атаулы әлеуметтік көмектен басқа, өз ісін ашуға да мүмкіндіктері бар. Бұл "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мүмкіндік береді.
"Еңбек" бағдарламасы бес баланың анасына өз арманын іске асыруға көмектесті. Халида Махмудова өз бизнесін ашып, дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған бес күндік массаж курсын өткізіп жатыр.
Медициналық орталықта өз кабинетін ашпас бұрын ол әйел жұмыссыз болған. Ол тіпті атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінді. Бұған дейін көп балалы ана мүгедек баланы күту бойынша жәрдемақы алды. Қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына келгеннен кейін, оны жалақысы 58 000 теңгемен қоғамдық жұмыстарға жіберді. Сонымен қатар, ол "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мүмкіндігін пайдаланды.
Халида Махмудова — көпбалалы ана:
"Мен мемлекеттен 505 000 теңге көлемінде ақысыз грант алуға үміткер бола алатын, өз жобамды қорғаймын. Менің ойымша, өз кабинетіме қажетті барлық нәрсені сатып аламын. Бұл грантты алып, менің бастапқы капиталым бар екенін нақты білетін боламын, ол маған аяққа көтерілуге және одан әрі өз ісімді жүргізуге мүмкіндік береді".
Анар Қылышеваның да жұмыссыз мәртебесі болды. Бірнеше ай бұрын үш баланың анасы қалалық жұмыспен қамту орталығына көмек сұрап келді. Әйелді "бақылаушы-кассир" мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіби курстарға жіберді. Қазір ол шәкіртақы алады, ал оның отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұл қолдау шаралары оған балаларды мектепке дайындауға көмектесті. Оқыту бағдарламасы аяқталғаннан кейін ол жұмысқа орналасады.
Анар Қылышева — үш баланың анасы:
"Бір аптадан кейін мені оқуға жіберді. Мен "Интерпринт" үш айлық оқыту курстарынан өтуім керек еді. Ол жерде мен бақылаушы-кассир мамандығын оқимын. Мені жұмысқа өздері орналастырамыз деп айтты. Бұл маған өте ұнады".
Тек Алматы қаласының өзінде 11 736 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Айта кету керек, 2020 жылдан бастап көп балалы аналарға табыс деңгейіне қарамастан жәрдемақы төленетін болады.
Жұмыс іздеумен байланысты өмірлік қиын жағдай туындаған болса, Жұмыспен қамту орталығына жүгінуге болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826151-kazakstanny-az-kamtylgan-otbasylary-kosymsa-koldau-saralaryn-alyp-zatyr/