Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"13 жасар қызды екі рет тұрмысқа берген": Сириядан елге оралғандар оқиғасы

Жарияланған күні:

Сириядағы соғыс аймақтарында болып келген қазақстандықтардың оқиғалары БАҚ беттерінде жиі жарияланатын болып жүр. Отанына оралған адамдар өзгелерден өздерінің қателіктерін қайталамауды сұрайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап.

Еуразия бірінші арнасының видеосынан кадр
Еуразия бірінші арнасының видеосынан кадр: UGC

"Мүмкіндік" оңалту орталығының басшысы Ольга Рыльдің айтуынша, Сириядан келгендердің қалыпқа келу процесі өте ұзақ.

Оның сөзінше, онда адамдар тек қиындық көрмеген. Мысалы, 13 жасар қызды екі рет тұрмысқа берген. Екінші некесінде ол өмірге сәби әкелген. Маманның айтуынша, бұл жағдайда баланың баласы пайда болды деуге болады.

Бұлай етуге қызды саналы түрде анасы итермелеген. Әйелдің түсіндіруінше, ол осылайша қызын ұрлау, зорлап кету немесе тағы басқа да жағдайлардан қорымақ болыпты.

Екінші жағдайда Ольга Рыльдің айтуынша, төрт баланың анасы үнемі ұлдарымды зорлай ма деп қауіптенген.

Орталық басшысының хабарлауынша, Сирияда ер балаларды адам өлтіруге үйреткен. Рыльдің сөзінше, әр отбасының иығында ауырлық пен қайғы бар.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай қазақстандықтарды ең қысқа мерзімде оңалту үшін үш жылға жуық уақыт қажет.

Балалар үшін мейлінше іс-шаралар ұйымдастыру қолға алынып жатыр. Сонымен бірге, құжаттарды қалыпқа келтіру процедурасы да жүзеге асуда. Кәмелет жасына жетпеген 407 жасөспірім жыл соңына дейін қазақстан азаматтығын алады деп күтілуде.

Сондай-ақ қазіргі таңда тағы да 2 мен 13 жас аралығындағы 10-нан астам баланы елге қайтару үшін Иракпен келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828211-13-zasar-kyzdy-eki-ret-trmyska-bergen-siriadan-elge-oralgandar-okigasy/