Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлмира Әбіқай "Жылдың үздік тележүргізушісі" атанды

Опубликовано:

"Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығына дауыс беру өз мәресіне жетті. Нәтижесінде КТК арнасының тілшісі Гүлмира Әбіқай "Жылдың үздік тележүргізушісі" атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Гүлмира Әбіқай. Фото: КТК арнасы
Гүлмира Әбіқай. Фото: КТК арнасы: Facebook

Дауыс беру Facebook желісінде өткен.

Ең көп дауыс жинаған үміткерлер финалдық short-list-ке өтті. Қазылар алқасының отырысы бекітілгеннен кейін "Халықтық сүйіктісі - 2019"  сыйлығы номинанттарының толық тізімін жарияланған.

Нәтижесінде "Дау-дамайсыз" бағдарламасының редакторы, тілшісі, журналист Гүлмира Әбіқай топ жарып, "Жылдың үздік тележүргізушісі" жүлдесін жеңіп алды.

Бұл туралы журналистің өзі Instagram парақшасында хабарлады.

"Ал, барша мені қолдаған ағайын, көрермен, оқырман. Тілекші болғандарыңызға мың алғыс. Сонау Исландиядан сенатордың құттықтауымен күн басталды. Кореядағы көрермен, Түркия, Дания, Франция, Германия, Австрия, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Ресейде жүріп дауыс берген көрермен өз тілегін жеткізіпті.
Арысы Атыраудың Ресеймен шектескен Құрманғазы ауданы, берісі Семей, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Астана, Қордай, Тараз... сынды барлық өңірден игі тілектер қарша борауда. 4 маусым шапқылап, әлеуметтік тақырыптың бел ортасында жүрген журналист қыздың еңбегін бағалап, "Халықтың сүйіктісі" атағын әпердіңіздер. Сіздердің де алдағы күндер жеңіске толы болсын, бастысы өміріңізде дау болмасын", - деп жазды ол.

Марапат иегерін Исландияда іс-сапармен жүрген сенат депутаты Дана Нұржігіт ханым құттықтап үлгерді.

"Гүлмира жүлдең құтты болсын! Лайықсың. Сөз жоқ! Алыстағы Исландиядан сәлем жолдаймын!", - деп ол ыстық лебізін жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828285-glmira-bikaj-zyldy-zdik-telezrgizusisi-atandy/

pixel