Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзімше жатты": Күйеуін орыс әйелмен ұстап алған келіншек неге енесіне мән-жайды айтты

Жарияланған күні:

Рашида Илахунова жеті жыл бұрын екі баласын тастап, содан бері бір төбе көрсетпеген келінін іздеп, КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасынан көмек сұрап келді. Бағдарлама барысында келіні мен әжейді табыстырған журналистер әйел адамның үйінен безіп кетуіне нақты не себеп болғанын білді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жатын бөмеден бірдеңе көрінді": Келіншек күйеуі мен құрбысының төсектес болғанын айтты
Фото: Видеодан кадр: UGC

Жеті жыл бұрын отбасын тастап кеткен келіншек бағдарламаға келіп, үйінен кетуіне күйеуі себеп болғанын алға тартты.

Оның айтуынша, ер адам оған қол көтеріп, көзінше басқа әйелмен төсектес болыпты.

"Бұл кісіге (енеме - ред.) ешқандай өкпем жоқ. Балаларды бағып-қаққаны рас. Әлі де бағып жатыр. Бұл кісінің Азат деген баласымен үйленгенбіз.
Моңғолиядан келіп, Жаркентте сауда істеп жүрдім. Сол жерде таныстып, үйлендік. Баласы маған күн бермеді. Бөтен әйелмен көзімше жатты", - дейді ол.

Әйел адам оқиғаның мән-жайын баяндап берді.

"Исламның сегіз айлығында столовыйда жұмыс істеп жүрдім. Азат баланы қарап үйде қалатын. Ал Айша әжесінің қолында болды. Біз Жаркентте квартирада тұдық.
Бір күні үйге келсем, жатын бөлмеден бірдеңе көрінеді. Ештеңе ойламадым, ұйықтап жатқан шығар дедім. Барсам, ол орыс әйелмен бірге екен. Қысты күні еді, баламды алып орыс әйелді Жаркенттің полициясына апардым. Басқа амалым болмады", - дейді кейіпкер.

Келіншек күйеуінің опасыздығын уақыт өте кешіргенімен, оның бәрібір де оған күн бермей, аузына келгенін айтқанын сөз етті. Әбден зығырданы қайнаған ол үйден біржола кетіп қалған.

Әйел адамның күйеуі бағдарламаға тосыннан келіп, келіншектің барлық сөзін жоққа шығарды.

Ер адамның айтуынша, ол әйелімен бірге сауда-саттықпен айналысқан. Алайда жұбайының ішімдікке салына беретін әдеті азаматты әбден мезі қылған.

"Кафеге жұмысқа шығамын деді. Бір орыс әйел екеуі үнемі ішіп келеді. Бекерден бекер дау шығарып, әлгі жерде сол әйелдің қойнынан шықтың деді. Өзінің бірге ішіп жүрген құрбысы еді. Мен алқаш әйелдерді құшақтап жата алмаймын", - деді ер адам.

Ер адам жұбайының үйден кетуіне бұл мәселелердің себеп болмағанын алға тартты. Оның сөзінше, келіншек оны алдап, қомақты қаржымен Моңғолияға кетіп тыныпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828334-zatyn-blmeden-birdee-krindi-kelinsek-kjeui-men-krbysyny-tsektes-bolganyn-ajtty/