Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ала жіп, көк шөп, тоқ ішек: Баланың тұсауын немен кескен дұрыс

Жарияланған күні:

Тұсаукесер - нәресте қадам басатын уақытта орындалатын дәстүр. Ел арасында "тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады" деген түсінік қалыптасқан. Сол себепті ата-бабаларымыз баланың алғашқы қадамына айрықша мән берген. Қазіргі уақытта осы рәсімді орындау барысында түсінбеушіліктер орын алып жүр. Осыған байланысты KAZ.NUR.KZ порталы "баланың тұсауын немен кескен дұрыс?" деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Фото: Instagram/akhmedi_design
Фото: Instagram/akhmedi_design: Instagram

Байырғы уақытта бай-бағландар баласының алғашқы қадамын ерекше өткізу мақсатында көкпар тартқызып, ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырған.

Қазіргі уақытта да тұсаукесер тойлары да жоғары деңгейде атап өтілуде.

Ел арасында "осы рәсімді қалай орындаған дұрыс?", "ала жіп, көк шөп, тоқ ішектің қайсысын қолданған жөн" деген сұрақтар туындап жүр.

Қазақ сәбидің тұсауын "көбейіп, көгере берсін" деп көк шөппен, "бай болсын, тоқ болсын" деген тілекпен малдың тоқ ішегімен кескен.

Көбінесе "біреудің ала жібін аттамасын, өзгенің мал-мүлкіне, дүниесіне көз тікпесін, қол сұқпасын" деген тілекпен ақ пен қара жіпті айқастыра отырып, ала жіппен осы рәсімді орындаған. 

Айта кететін жағдай, баланың тұсауын бір-ақ рет кесетіндіктен, осы үшеуінің біреуін ғана қолданған жөн.

Айта кетейік, осыған дейін KAZ.NUR.KZ порталы "ата-бабаларымыз баланың тұсауын кімдерге кестірмеген?" деген сұраққа жауап іздеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828975-ala-zip-kk-sp-tok-isek-balany-tsauyn-nemen-kesken-drys/