Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдар айдың 13-не сәйкес келетін жұмадан неге сескенеді

Жарияланған күні:

Бүгін желтоқсанның 13-і жұмаға келеді. Әлем халқы бұл күні түрлі қиындықтарға, қорқынышқа, мистикаға толы болады деп есептейді. Тіпті, бұл күн "қара жұма" деп те аталып кеткен. KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап осы күнге қатысты айтылған тыйымдар мен ырымдарды анықтап көрді.

Көрнекі фото: islam.ru
Көрнекі фото: islam.ru: Facebook

13, жұма: Бұл күні қандай оқиғалар болған?

13 саны ежелгі заманнан-ақ, бақытсыз болып саналған. Өйткені, жұма, 13-і күні Адам тыйым салынған алманы жеп, мұның салдары адамзат үшін ауыр болған.

1307 жылы 13 қазанда, жұма күні Филипп IV француз патшасының бұйрығымен тамплиерлер орденінің тас-талқаны шығарылып, оның мүшелері өлім жазасына кесілген.

1907 жылы 13-желтоқсанда британиялық "Томас Лоусон" кемесі опат болған.

1972 жылы 13-қазанда Мәскеуде Ил-62 жолаушылар ұшағы жерге құлап, 174 адам қаза болған. Бұл әлемдегі ең үлкен әуе апаттарының бірі.

2012 жылы 13-қаңтарда ішінде 4200 адам болған Costa Concordia лайнері апатқа ұшырады. Қайғылы оқиғадан 40 адам қайтыс болған.

1988 жылы 13-мамырда Jerusalem компьютерлік вирусының эпидемиясы басталды.

13, жұма: Бұл күні не істеуге болмайды, қандай тыйымдар бар?

Бұл күнді дәрігерлер, әсіресе хирургтар аса ұнатпайды. Олар осы күні ота жасауды жоспарламайды.

Сондай-ақ, бұл күн бірқатар маңызды істер үшін сәтсіз деп есептеледі. Мәселен, қаржылық операциялар, саяхат, үйлену тойын бұл уақытқа жоспарламаған жөн.

Бұл күні:

  • Қатты қажет болмаса алыс сапарға шығудың
  • Жол апаты көп болатындықтан, рөлге отырудың
  • Үй немесе бақша өсімдіктерін отырғызудың
  • Тырнақ алып, шашыңызды бояудың
  • Жаңа жұмыс іздеп немесе жұмыс берушімен әңгімелесудің
  • Ауыр медициналық процедуралар жасаудың
  • Үйлену тойын белгілеудің
  • Маңызды келісімдер жасап, қарыз алып, қарыз берудің
  • Жұмыстан шыққан сәтте артқа қараудың
  • Алкогольді сусындары бар көңілді кеш ұйымдастырудың қажеті жоқ.

13-күні жұмаға түссе көңіліңізді көтеріп, жаман ойлардан аулақ болыңыз. Жағымсыз энергиядан арылсаңыз күніңіз мерекелі де берекелі де болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831733-adamdar-ajdy-13-ne-sjkes-keletin-zmadan-nege-seskenedi/