Фермерлер Ақтөбе облысы әкімі берген алғыс хатты көптің көзінше жыртып тастады (видео)
Жарияланған күні:
Мемлекеттік қолдаудың қысқарғанына қатысты өз пікірлерін білдіру үшін Ақтөбенің барлық өңірінен ауыл шаруашылық мамандары жиі бас қосады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Фермерлер бастапқыда Достық үйінде жаппай кездесу ұйымдастырмақ болған, алайда әкімшілік оларға ғимаратты бермепті.
Содан кейін олар көшеде жиналады, осыдан соң оларға акт залы берілген деп жазады "Диапазон" басылымы.
Ауыл шаруашылығы мамандарының сөзінше, олар кездесуге өңір әкімі келеді деп үміттенген, алайда оның орнына орынбасары Бердалин келіпті. Оған адамдар мемлекеттің қолдауына қатысты жиналып қалған мәселелерін айта бастады.
Кәсіпкерлердің бірі жер бөлінбегендіктен малын сойып алуға мәжбүр екенін мәлімдеді.
Әйелдің сөзінше, ол кәсібін елу ірі қара малмен бастап, оны 250 басқа дейін жеткізеді. Ал қазір жер болмағандықтан, ол ісін дамыта алмай отыр. Әйелдің бар болғаны үш жүз гектар жері бар екен.
Фермерлердің айтуынша, мұндай мәселелер жетерлік. Кейбіреулерінің жерлерін түсіндірместен алып та жатыр екен.
Фермерлер биліктен ендігі ешкім қайтара алмайтын қарыздарын кешіруді сұрайды.
Шаруалар өздеріне 14% несие беретініне, оның он пайызын мемлекет төлеуге міндетті екеніне де наразы.
Олардың сөздерінше, мемлекет көмектескенше, сол 10% өздері төлеуге тиісті.
Адамдар неге 4% несиені бірден бермейтінін түсінбей отыр. Фермерлердің айтуынша, егер оларға көмектеспесе, онда азаматтарды тамақтандыратын ештеңе болмайды
Ал фермерлер одағының басшысы әкімді арыз-шағым айту үшін күтпенін айтты. Александр Мандрыкиннің сөзінше, ол өңір басшысына өздеріне берілген алғыс хаттарды қайтарып бермек болған. Оразалин келмегендіктен, Мандыркин бұл хаттарды көптің көзінше жыртып тастады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831959-fermerler-aktbe-oblysy-kimi-bergen-algys-hatty-kpti-kzinse-zyrtyp-tastady-video/