Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 22 жастағы қалыңдығын өз қолымен өлтірген жас жігіт сотта жауап берді

Жарияланған күні:

Ақтөбеде тамыз айында өзінің қалыңдығын өлтірген жас жігіт сот алдында жауап берді деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

frnfe
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

22 жастағы Әсем үйдің жалғыз баласы еді. Өткен жылы психолог дипломын алған ару жігітімен бір жарым жыл кездескен.

Ғашығы жазда қызға ұсыныс жасап, ата-анасымен таныстырыпты. Әсемнің жақындары мұның бәрі трагедиямен аяқталатынын білмеген. 

"Мен оның тиісті жаза алғанын қалаймын. Сот дұрыс шешім қабылдайтынына сенемін. Мені барша аналар естісе деймін. Балаларыңыздың кіммен араласатынын қараңыз, үйіңізге кіргізген адамға аса мұқият болыңыз", - деді қаскөйдің қолынан қаза тапқан қыздың анасы Айгүл Бірімжанова.

Бір жарым тәуліктен кейін бет-аузы көгеріп кеткен қыздың денесі жалға алынған пәтерден табылды. Бір аптадан соң күдікті қолға түсті.

Қыздың ескертпестен түсік жасатқаны үшін жігіті осындай қылмысқа барған деген болжам бар. Ол өзінің кінәсін толықтай мойындап отыр.

Қылмыскер адам өлтіргені үшін 15 жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, өлім механикалық асфиксия, яғни тұншығу салдарынан болған. Бетінің сол жағы қатты жарақаттанған. Іс қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қарастырылып отыр", - деді прокурор Нұржан Аблақымов.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматыда бір топ адамды қаққан ағайындыларға қатысты сот басталғаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832799-aktbede-22-zastagy-kalydygyn-z-kolymen-ltirgen-zas-zigit-sotta-zauap-berdi/