Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан өңірінің тағы бір ауылы ішімдіктен бас тартты (видео)

Жарияланған күні:

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғындары ішімдік пен нашақорлыққа қарсы өзіндік акция ұйымдастырды. Жергілікті тұрғындар алкогольді ішімдік толтырылған ондаған жәшікті құдыққа лақтырып, видео түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ernur.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрлар видеодан алынды
Кадрлар видеодан алынды: Facebook

Видеода өздерін Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Боралдай ауылынанбыз деп таныстырған тұрғындар ішімдік пен нашақорлыққа қарсы екендірін алға тартуда. Кадрларда олардың алкогольді ішімдіктерді жарыса сындырып жатқандарын көруге болады.

"Құдай қаласа, Қазақстанның болашағынан дені сау ұрпақ күтеміз", – дейді видеоның авторы.

Дереккөздің мәліметінше, бұл видеоға әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдіруде.

Олардың бір бөлігі бұл бастаманы қолдаса, кейбіреулері бұны жасандылыққа балаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында бүтін бір ауылдың ішімдіктен түгелдей бас тартқанын хабарлаған болатынбыз.

Атап айтқанда, Түркістан облысының Алмалы ауылында осыдан 10 жыл бұрын сауда нүктелері ақсақалдардың ұсынысы бойынша алкоголь сатуды тоқтатқан екен.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, осының арқасында ауылда ішімдік ішетіндердің саны азайып, қылмыстар сиреген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834796-trkistan-irini-tagy-bir-auyly-isimdikten-bas-tartty-video/