Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлыммен шығыспады": Марқұм күйеуінің досымен көңіл қосқан әйел мұңын шақты

Жарияланған күні:

Жесір келіншек күйеуінен айырылғаннан кейін марқұмның жолдасымен етене жақын араласып, оған деген көңілі пайда болғанын сөз етті. Ер адаммен бас қосқан екі баланың анасы енді екі оттың арасында қалғандай күй кешіп жүргенін айтты. Сөзінше, ер азамат сүйіктісінің балаларын ұнатпайды екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ұлыммен шығыспады": Марқұм күйеуінің досымен көңіл қосқан әйел мұңын шақты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл туралы келіншек Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында жазды.

"Төрт жыл бұрын күйеуімді жер қойнауына тапсырдым. Артынан бір ұлымыз, бір қызымыз қалды. Жақындарымнан тек әпкем мен бөле інім бар. Олардың өздерінің отбасылары бар. Марқұм күйеуімнің досы жерлеу рәсімінен кейін маған көп көмектесті. Содан бері арамызда бір сезім оты лаулады", - дейді ол.

Келіншектің сөзінше, марқұм күйеуінің досы онымен бас қосқаннан кейін бет пердесін ашып, балалармен қырғи қабақ болған.

"Алғашқы айлары бәрі керемет болды. Бақытты өмір сүріп жатқаным үшін Жаратқанға алғыс айтудан шаршамадым. Алайда көп ұзамай сүйіктімнің бет пердесі ашылып кетті. Ол о баста менің 10 жастағы ұлыммен, кейіннен 8 жастағы қызыммен сыйыспады. Олардың көзінше менімен ұрсысып, екі баламен ешкімге керек емес екенімді айта бастады", - деп жазды кейіпкер.

Айтуынша, ер адам келіншектің үйінде тұрып, оның мүлкін өз қажетіне пайдаланып отырған. Тіпті, кезекті жанжалдан соң жесір әйелді тастамай, одан кешірім сұраған.

"Ол маған күйеуім қалдырып кеткен пәтерде тұрып, көлігімді мінеді. Өз мінезімен мені алшақтатып жіберді. "Кет" десем, "сүйем-күйеміне" басады. Оған жаным ашып, кешіріп қоямын. Бірақ балаларымның оны үнсіз жек көріп жүргенін сеземін. Басым қатты", - деп сырын ақтарды келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835042-lymmen-sygyspady-markm-kjeuini-dosymen-kil-koskan-jel-myn-sakty/